Жергілікті бюджеттің бүйірін шағын кәсіп толтырмақ

Malim Админ

  • 19.02.2020

Биылдан бастап қолданысқа енетін салық саясатындағы түзетулер мен өзгерістер жергілікті жердегі басқару жүйесіне тың серпін беріп, тұрғындардың әкімдік пен мәслихат жұмыстарын қадағалауға мүмкіндік ашпақ. Оның үстіне, бұған дейін тек республикалық бюджетке қол созып, орталықтан хабар күтіп келген жергілікті жердегі билік өкілдері енді дайын қаржыны жұмсау ісінде дербестік алмақ. Ал дайын қаржыны оларға кім бермек?

Салық саясатындағы өзгеріс бойынша, шағын және орта бизнестен түсіп келген корпоративтік табыс салығы енді республикалық емес жергілікті бюджетке аударылады. Ал ірі бизнес, кәсіпорындардың корпоративтік табыс салығын әдеттегідей республикалық бюджетке түседі. Цифрларды сөйлетсек, өткен жылы республикалық бюджетке 1 трлн 974 млрд 763 млн теңге корпоративтік табыс салығынан түскен. Дәл осы қаржының 422 млрд 371 млн теңгесін шағын және орта бизнес аударған. Шағын және орта бизнестің үлесі салыстырмалы түрде бұл жерде аз көрінгенімен, бір нәрсені ескеру керек. Мәселен, қазір    шағын және орта бизнеспен айналысатындардың барлығы дерлік корпоративтік табыс салығын төлеп жүрген жоқ.  Арнайы салық тәртібі – патентпен, оңайлатылған декларациямен, бірыңғай жер салығымен жұмыс істейтіндер көп.Оның үстіне  2020-2023 жылдарға шағын  бизнес жеке табыс салығынан төлеуден босатылды. Бұл әрине, шағын бизнестің дамуына мүмкіндік ретінде берілген уақытша шара. Осы мерзім ішінде микро және шағын  бизнес өсіп, өніп, ілгерлер орта бизнеске айналса,  бұл – жергілікті бюджеттің қолайына да, жергілікті жердлегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге күш бермек.

«2020-2023 жылдар аралығында табыс салығынан 1,2 млн микро және шағын бизнес субъектісі босатылады. Үш жылда бизнес 380 млрд қаражат үнемдейді. Кейін бұл ақша аел экономикасына келеді. Өңірлердің әлеуметтік жағдайы жақсарып, қаржылық мүмкіндігі артады. Үш жылда бюджетке аударылмаған салық шығыны салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту есебінен қайтарылады. Үкімет шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесін 2025 жылы 35 пайызға, 2050 жылы 50 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. Алдағы 3 жылда микро және шағын  бизнесті жеке табыс салығынан босату мен шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге тыйым салу сондай-ақ шағын және орта бизнестің корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджетке аудару жоспарды орындаудың алғышарттарының бір бөлігі ғана», – деді  ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев.

Салық саясатындағы осы өзгеріс ұлттық экономика министрлігіндегі қаржыны жоспарлау мен бөлу, қадағалау жұмысын азайтқанымен, жергілікті жердегі биліктің жауапкершілінін күшейтпек. Неге десеңіз, бұрын аймақтағы билік өкілдері орталықтан сұратып алған қаржыны игере алмаса, оны республикалық бюджетке қайтарып бере салып отыра беретін. Енді, дайын қаржының жұмсалуына мәслихат алдында есеп береді.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жергілікті бюджетке корпоративтік табыс салығын өткізіп беру аймақтың әлеуетін жақсартады дейді. Мәселен, биыл жергілікті бюджет шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығынан 386 млрд 400 млн теңге алады. Ал 2021 жылы бұл сома 428 млрд 800 млн, 2022 жылы 471 млрд 400 млн теңгеге жетпек.

Ал ірі бизнестің корпоративтік табыс салығы республикалық бюджетке арнайы тізіммен  түседі. Бұл тізімді ұлттық экономика және қаржы министрліктері бірлескен бұйрығымен 3 жылда бір рет бекітеді.

Байланысты жаналықтар

Шетелдік көліктерді бастапқы тіркеу 200 мың теңге 

24.11.2022

Ақмолалық ХҚКО-лар мүгедектерден заңсыз баж салығын алған

16.08.2022

Таксистен блогерге дейін: мобильді ақша аударымдарын қалай бақылайды?

22.04.2022

 Салықтан босату қаулысы жарияланды

20.04.2020

«Болванка» салығы не үшін қажет?

04.03.2020

Салық жеңілдігі: кімге не пайда?

03.02.2020
MalimBlocks
Шетелдік көліктерді бастапқы тіркеу 200 мың теңге 

1 қыркүйекке дейін елге әкелінуі керек

Ақмолалық ХҚКО-лар мүгедектерден заңсыз баж салығын алған

Жеке куәліктер мен  паспорттар бергені үшін негізсіз салық салған

Таксистен блогерге дейін: мобильді ақша аударымдарын қалай бақылайды?

Блогерлер кәсіпкер ретінде тіркелмесе тиісті шара қабылданады

 Салықтан босату қаулысы жарияланды

«Болванка» салығы не үшін қажет?

Салық жеңілдігі: кімге не пайда?