ЖОО басшылары да оқиды

  • 28.04.2023

 

Жаңашылдық пен заманауилықты және білім алу, өзін өзі дамытуды жастарға, студенттерге артып қойып қарап отыруға болмайды. Бұл өзгеріске ұстаздар қауымы да өз үлестерін қосуы тиіс. Педагог мамандардың тұлғалық дамуы туралы бұған дейін жиі айтылып келген. Артынша, мектеп директорларының біліктілігін арттыру мәселесі күн тәртібіне шықты. Енді міне, жоғары оқу орындарының басшыларын оқыту мәселесі қолға алынып жатыр.

Сонымен, Қазақстан Республикасы ғылым  және жоғары білім министрлігінің бастамасымен Қазақстандық жоғарғы оқу орындарының 100 басшысы Назарбаев Университетінде «Academic Leadership Institute» бағдарламасымен оқуды бастады. Оқу бағдарламасын іске қосуда министр Саясат Нұрбек қатысты.

Оқу бағдарламасы барысында жоғары оқу орындары басшыларының – ректор, проректор, декандар, сонымен қатар департамент директорлары өз білімдерін жаңартып, жетілдіріп, жоғары оқу орындарын тиімді басқарып, жетекшілік көрсету үшін керекті жаңа дағдыларды, инновациялық технологияларды игере алады.

Саясат Нұрбектің айтуынша «Academic Leadership Institute» бағдарламасы бұл жаңа білім көзі ғана емес сондай-ақ, жоғары білім берудегі басқарушылық инновацияларды тарату, кәсіпқойлардың нетворкингіне, мәселелерлі талқылап және өзара әрекет жасауға арналған алаң болады.

"Academic Leadership Institute" бағдарламасы жаңа білім көзі ғана емес, сонымен қатар жоғары білім беруде басқарушылық инновацияларды тарату үшін кәсіпқойлардың нетворкингіне, мәселелерді талқылау және өзара әрекеттесуге арналған тамаша алаң", - деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Сонымен қатар, министр білім беру жүйесінің халықаралық тенденциясы жайында және оған қазақстандық білім беру жүйесінің қосатын үлесі туралы семинарға қатысушыларға айтып өтті. Мәселен, ведомство басшысы министрлікті дамытудағы 8 негізгі бағыты туралы тоқталып, жоғары оқу орындарының бүгінгі қоғамдағы атқаратын рөлі туралы айтты.

Аталған курс тоғыз модульден тұрады, оның әрқайсысы жоғарғы оқу орындарындағы белгілі бір транформация процессін қамтитын болады. Ол: көшбасшылық университет құрылымын қайта қарау, жоғарғы оқу орындарының құндылық бағдарламалары мен олардың қоғам үшін маңыздылығы, студенттік мәселелерді шешу, академиялық бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету сияқты бірқатар процестерден тұрады.

Жоғарғы оқу орындары басшыларына арналған бағдарлама 2023 жылы сәуір мен қазан айлары арасында өтеді. Оқуда министрлік өкілдері, парламент депутаттары, сонымен бірге жоғары білім беру саласындағы ұлттық және халықаралық сарапшылардың дәрісері тыңдалатын болады.

«Academic Leadership Institute» бағдарламасының қатысушыларына Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу құттықтау сөз арнады:

«Қалыптасып келе жатқан орта тап, білімнің дамуы, ғылым мен зерттеулердің және технологияның дамуы – елдердің биікті бағындырып, қарыштай дамуы үшін маңызды фактор. Сондықтан университеттер мен жалпы сапалы жоғары білім беру ісі бұл мәселелерде шешуші рөл атқаруы керек», -деді ол.

Байланысты жаналықтар

Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

07.12.2023

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

06.12.2023

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

06.12.2023

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023
MalimBlocks
Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды  Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Рамилия Мустафаеваға қойған едік.

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

Қазақстан нарығында жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін. Бұл жөнінде көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Ол бұл мәселе шетелдік әуе компания өкілдерімен талқыланып жатқанын жеткізді.

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған.