Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен байланыстыратын шекарасын жапты

Әлем
Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен байланыстыратын шекарасын жапты

КХДР Оңтүстік Кореяға апаратын автомобиль және темір жолдарын жауып тастады.

Yonhap ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Корея билігі мұндай шешімді республиканың оңтүстік шекара аймағындағы «әскери қимылдарға» байланысты ел қауіпсіздігі үшін қабылдағандарын мәлімдеді.   

- 9 қазаннан бастап Оңтүстік Кореямен шектескен [КХДР] Корей Халық республикасы аумағындағы автомобиль және темір жолдарын толық жабуға бағытталған құрылыс жұмыстары жүргізіледі, - деп мәлімдеді КХДР Бас штабы. 

Оңтүстік Кореяның бірігу министрлігі КХДР-дің шекарадағы автомобиль және теміржолдарды жабу туралы шешіміне қатысты пікір білдірді.

- Біз Солтүстік Кореяның шараларын біздің халқымыз бен КХДР тұрғындарын біріктіруге деген ұмтылысты бұзатын ұлтқа қарсы әрекет ретінде қатты айыптаймыз, – деп атап өтті ведомство өкілі.

Оның айтуынша, Оңтүстік Корея тарапына дұшпандық позицияға байланысты елмен байланысқа түспеу үшін жолдарды жабу жоспарлары туралы алдын ала хабарланбаған.

Фото: Shutterstock

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу