Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шомылу маусымы басталғалы 30 бала суға кеткен

Қоғам
Шомылу маусымы басталғалы 30 бала суға кеткен

1 маусымда елімізде шомылу кезеңі басталғалы 70 адам суға батып кетті, оның 30-ы — балалар, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов мәлімдеді. 

Былтыр 83 адам суға кетіп қайтыс болған. Биыл суға кеткен баланың саны өткен жылмен салыстырғанда көп, - деді Ақылбек Ахметжанов.

ТЖМ өкілінің айтуынша, суға кеткен балалардың дені қараусыз қалған немесе рұқсат етілмеген жерде шомылған.

Оның айтуынша, судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзушылар әкімшілік жауапқа тартылады. Жыл басынан бастап жалпы сомасы 62 млн 608 мың теңгеден асатын 9 мыңға жуық хаттама толтырылды.

Фото: unsplash

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу