Белгілі журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа видео жариялап, жұрт назарын аудартты, деп хабарлайды Malim.kz.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада ғимараттың қасбеті опырылып, адамдарды құтқаруға барған жедел жәрдем фельдшері ауыр жарақат алғанын хабарлаған болатынбыз. 18 қарашада 23 жастағы фельдшер ауруханада алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болды.
"Әділет пен Ұлдана қазан айының соңында шаңырақ көтерген. Небәрі екі-ақ апта отбасы боп бірге тұрған. 8 қарашы күні фельдшер Ұлдана күйеуіне қонжықтың суретін жіберіп, аз-кем сөйлесіп, вызовқа шығып кетеді. Ары қарай не болғанын барлығымыз білеміз", – деп жазды Руслан Өтепбай.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сыртқы кондиционер блогының құлауы салдарынан қаза тапқан 21 жастағы фельдшер Ұлдананың өліміне қатысты тергеу барысын түсіндірді. Сондай-ақ фельдшерге ескерткіш орнату жоспары барын жеткізді.