2024 жылғы Олимпиаданың ашылуын тікелей эфирде қашан және қайдан көруге болады

Салтанатты рәсім бұрынғы Олимпиадалардан өзгерек болмақ.

Берік Дәулетов

  • 26.07.2024

Бүгін, 26 шілде күні 2024 жылғы Париж Олимпиадасы салтанатты түрде ашылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Olympic.kz сайты жазды.

Салтанатты рәсім бұрынғы Олимпиадалардан өзгерек болмақ. Дәстүрлі спортшылар шеруі биыл әлдеқайда басқаша форматта өтеді. Атап айтар болса, шеру стадионда емес, өзенде өтпекші. Спортшылар делегациясының шеруін Париждегі Сена өзені қабылдайды. 

Әрбір құрамаға арнайы қайық бөлінеді (қайық саны 100-ге жуықтауы мүмкін.

Себебі, бірқатар құрамалар бір қайыққа сыймайды). Ал өзен жағалауынан шеруді жанкүйерлер тамашалай алады. Спортшылар қайықпен алты шақырым жүзеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шеру Париж тарихы мен архитектурасына визуалды саяхат болмақ. 

Шеру Трокадеро алаңының маңында аяқталады. Мұнда ашылу салтанатының келесі бөлігі - Олимпиада алауын жағу рәсімі өтеді. 

Шоуды франциялық театр режиссері әрі актер Тома Жолли дайындаған.

Қойылымға 3000-ға жуық әртіс қатысады. Сондай-ақ, әншілер Селин Дион мен Леди Гага өнер көрсетеді деп күтілуде. 

Қазақстан уақытымен тікелей көрсетілім сағат 22:30-да Qazaqstan, Qazsport, Jibek Joly және "Хабар" арналарынан көрсетіледі. 

Айта кетелік, боксшы Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова еліміздің туын ұстап шығады.

Фото: sports.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды