freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алакөлде паром қағып кеткен әйелдің екі аяғына ампутация жасалды

Қоғам
Алакөлде паром қағып кеткен әйелдің екі аяғына ампутация жасалды
stan.kz

Алакөл жағалауындағы Көктұма ауылында паромның астында қалған 70 жастағы әйел ауыр жарақат алып, екі аяғынан айырылды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, паром қозғалыс кезінде артқа жүріп, жағалауда тұрған әйелді қағып кеткен. Зардап шегуші аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, әйел көп мөлшерде қан жоғалтып, травмалық шок алған.

Дәрігерлер шұғыл консилиум өткізіп, науқастың өмірін сақтап қалу үшін жедел ота жасау туралы шешім қабылдаған. Операция кезінде оның екі аяғы да жамбас тұсынан кесілді.

Оқиға бойынша Жетісу облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазір қайғылы жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу