30 мыңнан астам астаналық ашық аспан астында Олимпиаданың ашылу салтанатын тамашалады

Іс-шараның басты мақсаты – Олимпиада ойындарында ел атынан қатысатын қазақстандық спортшыларға қолдау білдіру.

Берік Дәулетов

  • 27.07.2024

Бүгін Парижде 2024 жылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының ашылуына орай мерекелік іс-шара өтті. Қаланың жеті тұсында 30 мыңнан астам адам маңызды іс-шараны тамашалау үшін бас қосты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

Іс-шараның басты мақсаты – Олимпиада ойындарында ел атынан қатысатын қазақстандық спортшыларға қолдау білдіру. Олимпиада ойындарының ресми ашылуының тікелей көрсетілімі басталғанға дейін отандық эстрада жұлдызы – Халықаралық конкурстардың лауреаттары Ақтоты Болшова, Әкімжан Маженов, Зарина Омарова, ILIAS, сондай-ақ композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері және «Құрмет» орденінің иегері Ұлықпан Жолдасовтың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. 

Маған осы жерде өнер көрсету туралы ұсыныс түскенде қуана келістім. Өзім спортшыларымызға осылайша қолдау көрсеткім келді. Олимпиадаға көптеген мықты спортшылар аттанды. Сондықтан құрамамыздың жеңісін шын жүректен тілеймін! Біз, әртістер, патриоттық әндер арқылы олимпиадашылардың рухын көтергіміз келеді. Спортшыларымызды қолдау – әрбір қазақстандықтың міндеті деп санаймын, – деді әнші Зарина Омарова.

Елорда тұрғындары үшін ойын-сауық интерактивтері – спорттық іс-шаралар мен викториналар ұйымдастырылды. Ең белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды. 

Бүгін саябақты аралап жүріп, концерт пен Олимпиада ойындарының көрсетіліміне тап болдым. Осындай іс-шараның ұйымдастырылғанына өте қуаныштымын, өйткені Олимпиада – бұл маңызды іс-шара. Ұлттық құрамамызда мықты және талантты спортшыларымыз өте көп, – деді елорда тұрғыны Асқар Ағзамов.

Бүгін Парижде жазғы Олимпиада ойындары басталады. Елордадан Олимпиадаға 12 спортшы қатысты. Олар жеті спорт түрінен 14 лицензия иеленген. Ең көбі – теннисшілерде. Парижде елімізді Юлия Путинцева, Александр Бублик, Александр Недовесов және Александр Шевченко қорғайды. Олимпиада алтыны үшін тартыс әрине, оңай емес екені анық. Мен әр спортшыны және оның ішкі толқынысын жақсы түсінемін. Себебі өзім Олимпиадаға құрамамыздың сапында бірнеше рет қатысқанмын», - деді Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуының тікелей эфирін елорданың мынадай орындарында сағат 22.30-дан бастап көруге болады:

- Қазақстан теннис федерациясына қарама-қарсы орталық саябақ (Beeline Arena);

- Mega Silkway лед-экраны (ЭКСПО жағынан);

- Тұран даңғылы – Д.Қонаев көшесі;

-Б. Момышұлы даңғылы-Тәуелсіздік даңғылы

- ЭКСПО аумағындағы экран;

- Арбат (Жағалау).

Фото: Gov.kz

Байланысты жаналықтар

Астаналық әйел өзін ерікті ретінде таныстырып, қарттарды алдаған

07.09.2024

Елорда мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов ұсталды

07.09.2024

Бүгін Қазақстан Холанд пен Эдегор бастаған Норвегиямен кездеседі

06.09.2024

Амур жолбарыстары Ресейден Қазақстанға жеткізіледі

04.09.2024

«Бірлік керуені» көшпенділер ойынына Алтайдағы ең үлкен сарқыраманың суын апара жатыр

04.09.2024

Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді

04.09.2024
MalimBlocks
Астаналық әйел өзін ерікті ретінде таныстырып, қарттарды алдаған

Елорда мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов ұсталды

Оның мүліктері мен премиум санаттағы пәтеріне шектеу қойылған

Бүгін Қазақстан Холанд пен Эдегор бастаған Норвегиямен кездеседі

Эдегор Қазақстанға екінші рет, Холанд алғаш рет келді

Амур жолбарыстары Ресейден Қазақстанға жеткізіледі

Бірінші кезеңде Қазақстанда оңалту орталығында өскен төрт жолбарысты шығару жоспарлануда

«Бірлік керуені» көшпенділер ойынына Алтайдағы ең үлкен сарқыраманың суын апара жатыр

Су – Дүниежүзілік көшпендер ойындарының басты символы

Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді

Қазақы ит тұқымдарын сақтау, оларды халықаралық деңгейде таныту мәселесі 2022 жылы қолға алынған