35 қалыңдығы бар жігітті полиция ұстады

Malim Админ

  • 25.04.2021

Отыз бес қызбен көңіл қосқан азамат алаяқ па?

Жапония полициясы отыз тоғыз жастағы Такси МИЯГАВА есімді азаматты тұтқындады. Күдікті отыз бес қызбен кездесіп жүр екен. Бәріне отбасын құрайық деп сөз айтқан екен. Бұндай ақпаратты Japan Today жариялады.

Кансай аймағында тұратын азамат жұмыссыз. Жалғыз басты қыз-келіншектердің жүрегін жаулаумен айналысқан. Әр қызға өзінің туған күнін әртүрлі күнге белгілеп айтып, түрлі сыйлықтарға ие болған. Бір қызға туған күнім сәуірде десе, екіншісіне ақпан, үшіншісіне шілде деген. Осылайша жыл он екі ай түрлі сыйлықтар алып шыққан. Бас-аяғы ақшалай сыйлық мың доллар. Оның сыртында костюм тағы да басқа сыйлықтар бар.

Қыз-келіншектер сүйіктісіне арнайы торт та дайындаған. Және болашақ жарларының туған күн кешінен фотоларды әлеуметтік желіге жүктеп отырған. Осылайша отыз бес «қалыңдық» бір-бірімен танысып,  «күйеу жігіттің» өтірігі әшкереленген. Содан кейін әйелдер полицияға шағым түсіріпті.   Қазір сотқа дейін алаяқтық бабы бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Фото: tjournal.ru

 

Байланысты жаналықтар

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

24.04.2025

Каратэден ұлттық құрамаға бапкер болып Олимпиада жүлдегері тағайындалды

24.04.2025

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

23.04.2025

Әлемдегі ең бай 50 спортшының тізімі жарияланды

23.04.2025

Қазақстанның екі ауыр атлеті допингпен ұсталды

22.04.2025

Мөлдір Жаңбырбай мен Әсел Қанай қатарынан 3 медаль жеңіп алды

21.04.2025
MalimBlocks
Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

Каратэден ұлттық құрамаға бапкер болып Олимпиада жүлдегері тағайындалды

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

Әлемдегі ең бай 50 спортшының тізімі жарияланды

Баскетболшы Майкл Джордан көш бастап тұр

Қазақстанның екі ауыр атлеті допингпен ұсталды

Мөлдір Жаңбырбай мен Әсел Қанай қатарынан 3 медаль жеңіп алды