Александр Мәруаұлы: Сынық айдың сәулесі

Malim Админ

  • 07.10.2020

[caption id="attachment_7997" align="alignleft" width="300"] Александр[/caption]

                        ***

Күлімдейді кеудемде сөнбес үміт,

Кейде менде болады пендешілік.

Саған деген ақ қардай сезімдерім,

Көктем келсе кетеді жерге сіңіп.

 

Бар мұңымды елемей тұрса ғалам,

Тағдырымды ойлар көп тұмшалаған.

Құдіретіңнен мен сенің айналайын,

Қасіретті шектірген мұнша маған.

 

Маза бермей жаныма бір-ақ күдік,

Тыңда бір сәт жүрекке құлақ түріп.

Қою түнде келемін жалғыз өзім,

Сынық айдың сәулесін шырақ қылып.

 

Шерімді енді кімге ақтарайын?

Бәймәлім өзіңе де, жатқа жайым.

Құлазып өзіңді ойлап отырғанда,

Ажалдай айтпай келші аппақ айым.

 

 

***

Өмір...Өлім...

Ортасында тұрмын мен,

Бақытым бар

Баянсызын білдірген.

Түйгені жоқ пенделерге нал

ыдым

Күйбеңі көп тірлігіме күлдім мен.

 

Жанарымнан тамшы болып т

амса мұң,

Күледі екем, күледі екем қанша күн?!

Мен алыстап кетем бір күн жалғаннан,

Ақиқатқа ауған кезде аңсарым.

 

 

Сырға толы жермен көктің арасы,

Көпшіліктің көтермейді санасы.

“Алла” дейді, “Алла” дейді адамдар,

Ақылымның жетпейтінін қарашы.

 

Ғалам қызық: көктегі күн, айым да,

(Мынау дүние мүмкін әлде ойын ба?)

Өмір-Өлім, Жұмақ-Тозақ, Құдайлар,

Он алтымда ойран салды ойымда.

 

Әлем бір күн айналардай мүсінге,

(Құлшылықтың бәрі Құдай үшін бе?)

О, Тәңірім, кешіре гөр, кешірші,

Мынау мендік жазған өлең-түсімде...

 

                          ***

Мына күйбең тіршіліктен шаршаған,

Қойнауыңда жатыр екен қанша адам?..

Орындалмай кетті ме екен олардың,

Алатаудай армандары аңсаған.

 

Баға жетпес сендік сұлу кескінге,

О,Жер ана!

Жадырап тұр, ескірме!

Айға жетіп тұрса-дағы атағы,

Жусаныңнан биік емес ешкім де.

 

Сырың маған ашылғанша күтемін,

Қыбырлаған жәндікке де құт едің.

Жалаң аяқ жүгіремін далаға,

Табаныма кірсе екен деп тікенің.

 

Тауларыңа биіктік жоқ тең келер

Самалыңнан артық не бар дем берер?!

Адамдарға керек сендей Сабырлық

Адамдарға керек сендей Кеуделер.

 

Қорлап жүр ме жүрегіңді кей адам,

Қорғау үшін жанымды да қия алам.

Қадіріңе жетпей тұрып Жер-ана,

Қабіріңе кіруге де ұялам.

 

                      ***

Күлі болып қалып едің көңілдің,

Маған тағы маза бермей жатыр мұң.

Ғажабыңа айналғанмен өмірдің,

Ғазалына айналмадың ақынның.

 

Жауыр болған жалғыздығым шақырды,

Қанша жырым жүрегімде көмілді.

Сен түсінбей кеткен күні ақынды,

Түсінбей-ақ өтесің ау өмірді.

 

Сәттер сиреп сән беретін ғұмырға,

Өлең жазам, ұнамай жүр ол да аса.

Күнім сені ұмытар ем бұрында,

Кеудемдегі сағынышым болмаса.

 

Жанарыңның мұң тамшысы көрінді,

Ерініңнен енді кімдер өбеді.

Қазір, жаным, мен сүйемін өлімді,

Ол екі рет өлтірмейді себебі.

Байланысты жаналықтар

Ақтөбе облысында ауыл клубы шатырын жөндеуге 6 млн теңге бөлінді

17.11.2024

Ақтөбелік алаяқ студенттерді алдап, 5 млн теңгесін жымқырған

16.11.2024

Ақтөбелік әйел өз анасын өлгенше сабаған

15.11.2024

Ақтөбедегі тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы айтылды

09.11.2024

Ақтөбе облысында 10 адам құтқарылды

03.11.2024

Ақтөбе қаласы мемлекеттік бассейндерсіз қалды

02.11.2024
MalimBlocks
Ақтөбе облысында ауыл клубы шатырын жөндеуге 6 млн теңге бөлінді

Оған мәслихат депутаттары қарсы болған

Ақтөбелік алаяқ студенттерді алдап, 5 млн теңгесін жымқырған

Оларды грантқа түсіруге уәде берген

Ақтөбелік әйел өз анасын өлгенше сабаған

Ақтөбедегі тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Оларға жарақат пен термиялық күйіктер диагнозы қойылған

Ақтөбе облысында 10 адам құтқарылды

Олар батпаққа батып қалған

Ақтөбе қаласы мемлекеттік бассейндерсіз қалды

Қала басшылығы жекеменшік бассейндерді жалға алып отыр