Әлем чемпионаты-2026: Бүгін Қазақстан құрамасы Лихтенштейнмен кездеседі

Лихтенштейн құрамасы - Қазақстанның УЕФА аясындағы 48-інші қарсыласы

Malim Админ

  • 25.03.2025

Бүгін, 25 наурызда футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі екінші ойынын сырт алаңда Лихтенштейнге қарсы өткізеді.

Кездесу наурыздың 25-інен 26-ына қараған түні сағат 00:45-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирінен көрсетіледі.

Лихтенштейн құрамасы - Қазақстанның УЕФА аясындағы 48-інші қарсыласы. Олар ФИФА рейтингінде 204-орында тұр. Әзірге ешқандай жоғары нәтижесімен көзге түскен жоқ. 

Екі құрама бұған дейін бірде-бір мәрте кездеспеген. 

Аталған матчта Джон Битон бастаған шотландиялық төрешілер қызмет атқарады. Оған отандастары Дэниел Макфарлейн мен Дэвид Макгичи көмек береді. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі - Дэвид Дикинсон.

Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов жеке себептерге байланысты ұлттық құраманың алдағы ойынына қатыса алмайтын болды.

Бүгінгі кездесуде Александр Заруцкий, Мұхаммеджан Сейсен және Темірлан Анарбековтің қақпашылық міндетті атқаруына мүмкіндігі бар.

Ел құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобында ойын көрсетіп жатыр. Қарсыластары - Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн.

Іріктеу кезеңі 2025 жылдың наурызында басталып, қараша айында аяқталады.

Фото: ҚФФ 

Байланысты жаналықтар

Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

06.05.2025

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

01.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

24.04.2025

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады

20.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025
MalimBlocks
Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

Таныстырылымға облыс әкімі Берік Уәли қатысты

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады