Әлия Назарбаеваның көрмесінде ешкім жоқ
Әлия НАЗАРБАЕВА ұйымдастырған экология тақырыбына арналған көрмеге бүгін Мalim.kz сайтынынің тілшісі арнайы барды. Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында ашылған көрменің аты - «Бұл таңғажайып әрі нәзік әлем».
Кеше ғана Әлия Нұрсұлтанқызы келгенде Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев, Экологиялық ұйымдар ассоциациясының төрайымы Айгүл Соловьевадан бастап, бірталай шенділер жүрген экспозицияны бүгін тамашалап жүрген тірі жан жоқ. Есесіне өнер туындылары бір-біріне үнсіз ғана қарап тұр.
Бұл Алмас Нұрғожаевтың "Қызыл кітап" картинасы. Кенепке майлы бояумен салған. Адамның қанды қолы екі бөкенді алып кетіп бара жатқан көрініс.
Көрмеге тек қана табиғатты қоқыстан сақтауға емес, сонымен қатар Қазақстанның экологиялық мәселелеріне арналған өнер туындылары топтастырылған көрмеген соңғы жылдары салынған жұмыстар негіз болған.
Біздің көңілімізді аударған Лилия Позднякованың "Теңіз қайтады" картинасы. Бұл сурет екі бөлек салынған. Бірінші көріп тұрғандарыңыздай ақсақал, теңіз табыны, түйелер. Екіншісінде теңіздің суы қайтқан. Жас бала. Бәлкім, бұл сурет Арал теңізіне арналған болар. Ал бір суреттің екіге бөлініп тұрғанында қандай мән бар екен? Мүмкін, теңіз қайтпайды деп тұрған шығар...
Майлы бояумен салынған "Перекати поле" сериясымен салынған Жания Такеннің суреті. Жел ұшырған қаңбақтар далада домалап жүр. Теңіз табаны. Шөл.
Нэлли Бубоның аралас тәсілмен жасаған жұмыстары. Майлы бояу, қаңылтыр, кенеп пайдаланған.
Әмен Қайдардың "Саңырауқұлақ" картинасы. Семей полигонына арналған. Картинадағы көріністе полигон зардаптары бейнеленген. Абай ескерткіші.
Сәуле Сүлейменованың "Ауыл. Тағы бір күн" картинасы. Бұл жұмыс пакет, полигальді пайдаланып жасалған. Сүлейменова негізінен осы тәсілге көп жүгінеді екен. Сурет анық. Сырттан қарасаңыз, бояумен салынғандай әсер қалдырады.
Руслан Ақанаевтвың металды пайдаланып жасаған "Ешкісі".
Мұхит Ақанаевтың аралас тәсілмен жасаған картиналары.
Сәуле Сүлейменованың тағы бір картинасы - "Жаңа күн". Бұл жұмыс та пакет, полигальді пайдаланып жасалған.
Өмірбек Жұбаниязовтың "Бозторғай" картинасы. Ахеологиялық жұмыстар нәтижесінде табылған, басы сынған қой мүсіні. Үстіне бозторғай ұя салған. Ар жағында балбал тас. Енді оралмас қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман...
Бақыт Сейсенханұлының "Күй-аңыз" картинасы. Майлы бояу, кенеп. "Ақсақ құлан" аңызы.
Анарбек Нақысбековтің "Арал қасіреті" картинасы. Майлы бояу, кенеп.