Ақниет Әлімбай кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліс тапты

Отандасымыз чехиялық боксшы Йозеф Дубскимен жұдырықтасты

Malim Админ

  • 05.04.2025

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Ақниет Әлімбай (2-0, 1 КО) Астанада өтіп жатқан «Battle of the Brave» кәсіпқой бокс кешінде кезекті жекпе-жегін өткізді.


Отандасымыз чехиялық боксшы Йозеф Дубскимен (1-0, 1 КО) жұдырықтасты. Екі боксшы алғашқы раундтан-ақ шабуылға шығып, ашық айқасқа көшті. Бастапқы екі раундта қазақстандық боксшы ширақ қозғалып, жақын аралықтан нәтижелі соққыларын бағыттады. Алайда, Ақниет үшінші және төртінші раундта қарсыласының соққыларын өткізіп алды.

Төрт раундқа созылған жекпе-жекте Йозеф Дубски төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 40:39/38:39/37:39. 

Осылайша, Ақниет кәсіпқой мансабында алғаш рет жеңілді.

Фото: zhaikpress.kz