Атақты хирург Алмас Ормантаев қайтыс болды

Malim Админ

  • 13.12.2020

Ұзаққа созылған аурудан мыңдаған баланы дерттен айықтырған атақты хирург Алмас Ормантаев қайтыс болды.
Қаралы хабарды дәрігердің әріптесі Асылжан Ерекешов Facebook парақшасында жариялады.
«Бүгін, 63 жасында, ұзақ аурудан, мезгілсіз, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің балалар хирургия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымның докторы, профессор Ормантаев Алмас Камалұлы дүниеден өтті! Марқұмның от басына көңіл білдіреміз» деп жазды А.Ерекешов.
Алмас Ормантаев – атақты балалар хирургі еді. Ол әке жолын қуып, әкесі академик Камал Ормантаев негізін қалаған Қазақстан балалар хирургиясын өрге сүйреді.
Алмас Камалұлы Алматы, Мәскеуде білімін шыңдап, саналы ғұмырын медицинаға арнап, мыңдаған баланы дертінен айықтырған білікті маман еді.

MalimBlocks