Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэ-додан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Ол 25 жылдық үзілістен кейін спортқа қайта оралған

Мәди Саматұлы

  • 14.09.2024

Австрияда өткен годзю-рю каратэ-додан 7 әлем чемпионатына елімізден 6 каратэші, жаттықтырушы және төреші аттанған. Соның ішінде Атырау облысы әкімінің орынбасары да жүлдегерлердің бірі атанған, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Атырау облыстық спорт және дәстүрлі каратэ-до федерациясының вице-президенті Айбат Рахман әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Қарбалас жұмыс кестесінен уақыт бөліп, спортзалға келіп, басқалар сияқты барынша жаттықты. Жаттығу спаррингінде оның саусағы сынып қалды. Бірақ бұл оған кедергі болмады. Бәрі ойдағыдай болып әлем чемпионатына аттанды, деп жазды ол.

Нәтижесінде 3 алтын және 3 қола «Қайсар» спорт клубының жауынгерлеріне бұйырған. Солардың ішінде Шобу Кумитедегі еңбегі сіңген қола да бар. Ол - Марат Мурзиев, Атырау облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының чемпионы, Орталық Азия жүлдегері, 5 дан қара белбеу иегері, Атырау облыстық спорт және дәстүрлі каратэ-до федерациясының құрметті президенті.

Фото: facebook/Айбат Рахман

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Каратэден ұлттық құрамаға бапкер болып Олимпиада жүлдегері тағайындалды

24.04.2025

Мөлдір Жаңбырбай мен Әсел Қанай қатарынан 3 медаль жеңіп алды

21.04.2025

Қазақстан 3 минутта екі гол соғып жеңіске жетті

26.03.2025

«Футбол бұл бизнес емес». Бас бапкер Уэльстен жеңілуіміздің себебін түсіндірді

23.03.2025
MalimBlocks