"Әзілің жарасса..." немесе кімнің рөлін ойнауды білетіндер

Malim Админ

  • 06.07.2020

Нұрлан Әлімжанға 

Кино деген шым шытырық әлемге.

Әзімбайдың рөлін сомдап байланды.

Үйреніпті тарих дейтін тереңге.

Қасым батыр рөлін сомдап бойлауды.

Ұнау үшін киноқұмар ол елге.

"Ағайынды жігіт" болды жайдарлы.

Жүрмеу үшін ел қатарлы төменде,

Қылмыскердің кейпін сомдап ойланды.

Жеткісі кеп депутаттық беделге,

Нұрсұлтанның рөлін сомдап айналды.

Ол біледі, мейлі түген, бәлен де.

Қалай және кімнің рөлін ойнауды.

Резюме  

(Ақберен Елгезекке)

Әдебиетті қолдауға,

Қорға бастық болыпты.

Түсіп солай сан жолға,

Мұңға батып торықты.

 

Одан кейін газетке,

Тағы бастық болыпты.

Талапайлы мезетте,

Талай сынды көріпті.

 

Газет қалып, бір жерден.

Департамент жолықты.

Бастық болып жүргеннен,

Көп өтпей-ақ зерікті.

 

Ақпаратты талдайтын,

Орталыққа келіпті,

Бастық болып аз ғана,

Болмайды екен... соны ұқты.

 

Содан кейін баспада,

Бастық болып келіпті.

Кәріге де, жасқа да,

Кітап «жасап» беріпті.

 

«Атажұрттан» кеткен соң,

«Бөбек» жаққа  келіпті,

Қиындықты кездескен,

Еңбекпенен жеңіпті.

 

Содан кейін «ULT» деген,

Сайтқа бастық болыпты.

Пікірлесіп жұртпенен,

Жұмыс істеп келіпті.

 

Былтыр ғана одаққа,

Бастық болды көрікті.

Басқа жаққа ендігі,

Ауыспауға көніпті.

 

Жүрген жолын көремін,

Тағы алдында – жол қамы.

Қайда жүрсін, өлеңін.

Тастамаса болғаны.

 

Елжан Біртановқа

Қара шашы ағарып,

Қала кезді зыр қағып.

Сан сұраққа қамалып,

Айналдырды мың қауіп,

Кеңесінен безіне,

От тұтаттық шырпы алып.

Дерт туралы сөзіне,

Сенбей қойды бұл халық.

 

Сендірем деп жүргенде,

Сұлап түсті Біртанов.

Креслодан айрылды,

Қызметінен құр қалып.

Министрлер бұрынғы,

Қиналды ма, мұншалық?!

 

Владислав Косаревқа

Трактор айдап, бір жылы.

Ұйқысыз қырды шарлаған.

Әскерде өтіп кіл күні.

Ұйқысы дұрыс қанбаған.

Жүргізуші боп бір күні.

Көз шырымын алмаған.

Хатшы да болып, біл мұны,

Ұйқысы тыныш болмаған.

Кәсіподақ болып "мың жүгі",

Үйіне дұрыс қонбаған.

Қанбаған ұйқы сүргіні.

Жібермес оны енді аман!  

Олжас Қасым, ақын

Байланысты жаналықтар

Жоғалған жанрлар. Әдебиет бағытынан жаңылды

04.08.2023

Діни басқармаға бәрібір емес екен. Тірі жанның суреті салынған киіммен намаз оқу – мәкруһ

22.11.2022

Арыстардың көзі «ойылған».  Діни басқармаға бәрібір

21.11.2022

Тіл біткен жыландар

13.04.2022

Ақындар жүрегіндегі Алматы

14.01.2022

Біртановтың үйқамақ мерзімі келесі жылға дейін ұзартылды

12.11.2021
MalimBlocks
Жоғалған жанрлар. Әдебиет бағытынан жаңылды

Күрделі жанрда қалам тербейтін жазушылар жоқтың қасы

Діни басқармаға бәрібір емес екен. Тірі жанның суреті салынған киіммен намаз оқу – мәкруһ

Мүфтият бұған қатысты пәтуа шығарған емес

Арыстардың көзі «ойылған».  Діни басқармаға бәрібір

«Бастысы, намазға тұрғанда кисе мәкрүһ болады» деді ол.

Тіл біткен жыландар

Мүмкін әділдік деген құтқарушы емес, айқас шығар?

Ақындар жүрегіндегі Алматы

Алматы – қазақтың жаралы жүрегі!  Желтоқсанның ызғарлы күндерінде жаураған қала отыз жылдан соң «қаңтар трагедиясын» бастан кешірді. Бәрі де суынған жүректің даты, елдің жан сөзі! Ал қазақтың жаралы жүрегін кім емдейді?!

Біртановтың үйқамақ мерзімі келесі жылға дейін ұзартылды

Экс-министр бір жылдан астам уақыт үйқамақта отыр.