«Бір жекпе-жегім бар»: Головкин өзінің нақты жоспарын бөлісті

Боксшы спорттағы мансабы туралы сөз қозғады.

Сабина Асқарқызы

  • 01.07.2024

ҰОК президенті болып жұмыс істеп жүрген Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін өткізу үшін шаршы алаңға оралуы мүмкін. Боксшы Boxingscene.com басылымына берген сұхбатында спорттағы мансабы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Malim.kz.

Головкин соңғы рет 2022 жылдың күзінде жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша мексикалық Сауль Альварестен ұтылған еді. Бұл оның «Канеломен» өткізген 3-ші айқасы еді. Бұдан кейін Гена ресми түрде бокспен қоштасатыны туралы ләм-мим деп ауыз ашқан жоқ. 

«Әзірге мен бокстан кететінім туралы айтқан жоқпын. Әрі мұндай нәрсені айту менің болмысымда жоқ. Уақыт көрсетеді. Қазір менің алдымда үлкен міндет тұр. Істеп жатқан жұмысым маған өте ұнайды.  Қазіргі уақытта менің өмірімнің мәні ол қозғалыс. Егер біреу мені шаршы алаңға шақырып, ол ұсынысы көңілден шықса, онда мен оны қабылдаймын. Сондықтан алда менің қатысуыммен бір жекпе-жектің куәсі болуларыңыз мүмкін», - деді Головкин. 

Геннадий Головкин 2024 жылдың ақпан айында ҰОК-нің президенті болып сайланған еді. Ол ұзақ жылдар бойы осы лауазымды атқарған қазақстандық олигарх Тимур Құлыбаевты алмастырды.

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады