Бокстан Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан жарыс жолына шығады

Махмұд жетінші жұпта Қытайлық Тайбэй өкілі Ян-Лин Лаймен жұдырықтасады

Malim Админ

  • 03.12.2024

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында төртінші жарыс күні ел намысын үш спортшы қорғайды.


Сағат 12.00-де басталатын додада бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта Қазақстаннан бірінші болып рингке көтеріледі.

Махмұд жетінші жұпта Қытайлық Тайбэй өкілі Ян-Лин Лаймен жұдырықтасады.

Он бірінші жұпта әйелдер арасында Аида Әбікеева 63 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Дильфуза Бековамен шеберлік байқасады. 

Он төртінші жұпта Милана Сафронова 66 келіге дейінгі салмақта тағы бір тайбэйлік Ли Минді сынап көреді. 

Осыған дейін рингке шыққан төрт қазақстандық боксшы жарысты жалғастырады. Ал Алуа Балқыбекова денсаулығына байланысты құрлықтық бәсекеден тыс қалды.

Фото: instagram.com/sabyrkhan_makhmud

 

Байланысты жаналықтар

Бокстан Қазақстан чемпионатында інісі ағасына жолын берді

24.12.2024

Қарағандыда бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді

17.12.2024

Бокстан 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

14.12.2024

Алтын алған өзбек боксшы шеттетіліп, Абылайхан Жүсіпов чемпион атанды

13.12.2024

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 9 алтын медаль жеңіп алды

11.12.2024

Азия чемпионатының ақтық сынында 9 боксшы алтынға таласады

11.12.2024
MalimBlocks
Бокстан Қазақстан чемпионатында інісі ағасына жолын берді

Қарағандыда бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді

Турнирге Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатыспайды

Бокстан 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Халықаралық федерация шешімін ресми түрде жариялады

Алтын алған өзбек боксшы шеттетіліп, Абылайхан Жүсіпов чемпион атанды

Өзбекс боксшысы Абылайхан Жүсіповті тістеп алғаны анықталды

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 9 алтын медаль жеңіп алды

Азия чемпионатының ақтық сынында 9 боксшы алтынға таласады

Қазақстандық 7 боксшы Өзбекстан өкілімен жұдырықтасады