Боқаш сыймаған Qazaqstan-ға Тазабек сия ма?

Malim Админ

  • 12.10.2020

Айтыскер, «Асыл арна» діни телеканалының директоры Мұхамеджан ТАЗАБЕКТІҢ  Qazaqstan ұлттық арнасынан  «Тәлім тренд» бағдарламасы шығады дегелі әлеуметтік желіде қызу талқылаулар басталып та кетті.

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ бастауымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі бұл жөнінде бірнеше пост жазды. Тіпті, қауіпсіздік кеңесі, ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен дін істер комитетіне Facebook арқылы ашық хат жазды.

«Танымдық бағдарламаны діни көзқарасы бойынша сараптамадан өтпеген адамға бермеу керек! Елдің тағдырын алаңдай келе М.Тазабектің Ұлттық арнада жұмыс істеуін, әзірге қауіпті деп санаймын. Діни көзқарасына нақтылық енгізу үшін Мұхамеджан Тазабектің діни көзқарасына ҚМДБ өкілдері Сансызбай Құрбанұлы және Қайрат Жолдыбайұлы сараптамадан өткізсін!
Егер ҚМДБ өкілдері М. Тазабекке дәстүрлі ханафи мәзһабымен амал етіп, мәтуриди сенімінде деп сенім білдірсе, біз халық құптаймыз! Сараптамадан өткеннен соң, қорытындысын ел алдына ашық жариялауды сұраймын! М.Тазабек Ұлттық арнада жұмыс істегісі келсе, Ұлттың талабын орындасын! “Мен сәләфит емеспін” деп жазсын!
», - деп жазды Айгүл Орынбек facebook.com  желісінде.

Мұхамеджан ТАЗАБЕК болса, діни әңгіме тек «Асыл арнада» ғана айтылады. Ұлттық арнада қоғамдық толғандырған мәселелерді қозғаймын деп жазды facebook-те.

«Діни әңгіме Асыл арнада. Ал, бұл "Тәлім тренд” қоғамға өзекті болған мәселелерді қозғап, зайырлы қоғамның талабына сай танымал тұлғалардың пікірімен көмкерілмек. Бүгін бүтіндей түсіріп біттік. Қызық екеніне дау жоқ. “Митингінің мәдениеті де, жемқордың жазасы да, халықтың қақысы да” осы бағдарламада қамтылған. Полицияның басшысын шақырып терлеттік, медицина мықтысын қонақ қып толғанттық, инфо-бизнес пен коучтарды сілкідік... Ұлттық арна - қазақтың арнасы. Кәрістің киносына, АҚШ-тың мультигіне, түріктің сериалына тұғыр болған төр, қазақтың тәліміне, ақынның тақымына тарлық қылатын болған ба?! Жыланды үйіне кіргізіп, басына ақ құйған қазақ, бөтенді төріне шығарып, жарты нанын бөліп берген қазақ, өлген итінің ауызына құйрық тығып көмген қазақ, долбарға арқа сүйеп, қаңқу сөзді қазық қылып, Ұлттық арнаның төрін ақын ұлынан қызғанатын болған ба?! », - деп көптің сынына мақалдатып жауап қатты айтыскер.

Ал қоғамдық омбудсмен Дина Елгезек Тазабектің орнына басқа жүргізуші ұсынды.

«Ұлттық арнадағы “Тәлім-трендті” неге Қайрат Жолдыбай жүргізбеске? Дәстүрлі дінді бұра тартқанын көргеміз жоқ. Сөзі де, өзі де әдемі. Сол үшін де күллі қазаққа сүйкімі кетпеген тұлға. Қоғамда дау да тумас еді, күллі қазақ ренжімес те еді...», - деп жазды Дина ЕЛГЕЗЕК әлеуметтік желіде.

Осылайша Qazaqstan телерадиокорпорация  басшысы Ләззат ТАНЫСБАЙДЫҢ  аты эфирге «Тәлім тренд» бағдарламасының шығуымен де қалмақ.

Айтпақшы, 2017 жылы «Qazaqstan» РТРК» АҚ- ның басқарма төрағасы Ерлан ҚАРИН болған кезде  танымал журналист, шығыстанушы Ғалым БОҚАШТЫҢ «Жер-жиһан» бағдарламасы жарыққа шыққан еді. Алайда, халықаралық ақпараттық-сараптамалық бағдарламаның ғұмыры ұзақ болмады. Бір шығарылымнан кейін тоқтап қалды. Қызық, Тазабектің бағдарламасының ғұмыры қанша уақыт болар екен?

Оқи отырыңыз:   Дархан Қыдырәлі ректор болғалы жатыр. "Егемен" қайтпек?

Байланысты жаналықтар

«Құшақтап жатады...»: Мұхамеджан Тазабек көп әйел алу туралы пікір білдірді

01.07.2024

Тура жолға түскен Тазабекке Жолдыбайұлы шарт қойды

05.11.2020

«Асыл арна» жабылады, «Тәлім тв» арнасын ашамын

04.11.2020

Мұхамедиұлы ғарышқа Мұхамеджанмен ұшуға дайын

01.11.2020

Демократия мен ұлтшылдық үйлеспейді

20.10.2020

"Мұхамеджан өз қателігін түсініп отырған жоқ"

10.10.2020
MalimBlocks
«Құшақтап жатады...»: Мұхамеджан Тазабек көп әйел алу туралы пікір білдірді

Көп әйелділік - Алла рұқсат берген, бірақ жауапкершілігі өте зор шешім.

Тура жолға түскен Тазабекке Жолдыбайұлы шарт қойды

«Асыл арна» жабылады, «Тәлім тв» арнасын ашамын

Мұхамедиұлы ғарышқа Мұхамеджанмен ұшуға дайын

Демократия мен ұлтшылдық үйлеспейді

"Мұхамеджан өз қателігін түсініп отырған жоқ"