Димаштың жолын жалғаған қазақ қызы

Malim Админ

  • 19.07.2021

Қазақстандық таланттар соңғы жылдары мемлекетіміздің шекарасынан асып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, тіпті, одан ары әлемдік ареналар мен сахналарды еркін бағындырып жүр. Өнер десе, іскен асын жерге қоятын халықтың ұл-қыздары жаңа, замануи өнер түрлерінен де, дәстүрлі өнерден де алдына жан салмай келеді десек өтірік емес. Ресейдің атақты әншілері мен бағдарламалары соңғы уақытта Қазақстаннан шыққан жұлдыздарды жиі сөз ғып, қонаққа шақырып жүр. Олардың алдында маңдайы жарқырып Димаш Құдайберген келе жатыр десек қате айтпаған болар едік. Жаңа заман келбетінде қазақ мәдениетін таныстыруда бұл өнер майталмандары жоғары үлес қосып келеді. Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жаңа заман келбетіндені қазақ мәдениетіне аса көңіл бөлген болатын. Бұндай көңіл аударулар өнер майталмандарына қанат бітірері сөзсіз.

Димаштың әлемге жаппай танылуы Қытайдың Хунань каналында болған «Singer» байқауын қатысуы болды. Бұл байқаудың әр турында айтқан әндері Димашты Қытайға танытты. Бұл 2017 жылы еді. Ал оған дейін Димаш 2015 жылы Витебск қаласында өткен «Славян базары» халықаралық фестивалінің бас жүлдесін алған болатын. Содан бері Димаштың көрермендері көбейді. Биыл Димаш Құдайберген осы байқаудың әділқазы мүшесі болды. Осы жолы да қазақтың әнші қызы Рухия Байдүкен өнер фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған болатын. Рухияға дейін бұл байқауды 2019 жылы Әділхан Макин ұтқан еді. Яғни соңғы жылдары қазақтың үш әнші баласы ең үлкен өнер фестивалінде топ жарды.

Байқауының бас жүлдесін Рухия Байдүкенге байқаудың қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко табыстады. Ал байқаудың жабылу салтанатында Димаш Құдайберген өнер көрсетті. Димаштың тыңдармандары үшін бұл үлкен сыйлық болды. Фанаттары жаппай қолтаңба алып, қимай шығарып салды.

Ал бацқаудың негізгі қаһарманы Рухия Байдүкен 1998 жылы Талдықорған қаласында дүниеге есігін ашқан. Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Эстрада және вокал» мамандығы бойынша дәріс алады. Оның дауысы төрт жарым октаваға жетеді екен.

Жеңіспен елге оралғанда әуежайдан журналистер мен қолдаушылары күтіп алды. Сонда: «Қазақ халқына алғысымды айтамын. Ең бастысы, халқыңның махаббатын сезіну, еліңнің сені мойындауы емес пе? Жеңісімді халқыммен бірге тойлағым келеді. Бұл бала кезімнен бергі арманым еді. Бүгін алға қойған мақсатыма жеттім», деген болатын Рухия әншіміз.

Димаштың жеңісті жолын жалғаған Рухияның бұл жеңісі одан ары жалғасты болсын деп тілейміз!

 

Байланысты жаналықтар

Астанада самбодан әлем чемпионаты өтіп жатыр

09.11.2024

Әділет Барменқұлов ҚФФ президенті қызметінен кетті

08.11.2024

Күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан жаңа атаққа ие болды

07.11.2024

Ауыр атлеттерге қасақана допинг ішкізген Алексей Ни жазаланды

07.11.2024

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

05.11.2024

Әлімханұлы мен Шираз жекпе-жегі: келіссөздер мерзімі тағы ұзартылды

04.11.2024
MalimBlocks
Астанада самбодан әлем чемпионаты өтіп жатыр

Онда көру қабілеті нашар спортшыларға арналған турнир де бар

Әділет Барменқұлов ҚФФ президенті қызметінен кетті

Күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан жаңа атаққа ие болды

Ауыр атлеттерге қасақана допинг ішкізген Алексей Ни жазаланды

Бапкер өмірінің соңына дейін спорттан шеттетілді

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қазір боксшының командасы Хамза Ширазбен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Әлімханұлы мен Шираз жекпе-жегі: келіссөздер мерзімі тағы ұзартылды

Келісім мерзімі осымен екінші рет ұзартылып отыр.