Дзюдода «юко» ұпайы мен екі әдіс қайта қолданылатын болды

Жаңа ережелер келер жылдан бастап қолданысқа енеді

Мәди Саматұлы

  • 22.12.2024

14-15 желтоқсан аралығында Стамбұлда дзюдо ережелеріне өзгеріс енгізу бойынша техникалық семинар өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитет жазуынша, Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жаңа олимпиадалық маусымға арналған ережелердің жаңартылған нұсқасын жариялаған. Бұл өзгерістер спортшылардың әлеуетін ашып, дзюдоның негізгі құндылықтарын сақтай отырып, оның даму деңгейін жаңа биікке көтеруге арналған.

Техникалық семинардың қорытындысы бойынша «юко» ұпайы, белден төмен ұстау және «аюша» ұстау әдісі қайтарылған.

Меніңше бұл өте орынды шешім. Өйткені техниканы орындау барысында спортшылар әр қырымен құлауы мүмкін: біреуі қапталға қарай, біреуі арқасымен, енді біреуі етпетімен құлайды. Осындай жайтта дұрыс есептеу үшін «юко» ұпайын қайта енгізу дұрыс деп санаймын, дейді Қазақстан дзюдо федерациясының төрешілік мәселелер жөніндегі директоры Мұқсым Нұртазин.

Айта кетейік, бұған дейін тек 3 негізгі ұпай түрі: иппон, вазари және шидо қолданылып келген еді.

Екі күндік семинар қорытындысы бойынша жоғарыда аталған ережелер 2025 жылдан бастап қолданысқа енеді.

Фото: ҰОК

Байланысты жаналықтар

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025
MalimBlocks
Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек