Ерболат Досаев олимпиада жүлдегерлеріне пәтер мен көлік табыстады

Спортшыларға 5 және 4 миллион теңгеден ақшалай сертификаттар берілді

Сабина Асқарқызы

  • 20.08.2024

Алматы әкімі Ерболат Досаев Парижде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан алматылық спортшылармен кездесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Шаһар басшысы спортшылар мен жаттықтырушыларды Олимпиаданың күміс жүлдегері – гимнаст Нариман Құрбановты, қола жүлдегерлер - дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевты, боксшы Назым Қызайбайды және оқ атудан сайысқа түскен мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтбаевты жетістіктерімен құттықтады.

«Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен алматылық спортшылардың Қазақстан қоржынына көп медаль салғаны қуантады. Таланттарыңыздың, табандылығыңыздың және еңбекқорлығыңыздың арқасында сіздер маңызды да тарихи жеңіске қол жеткізіп, халықтың ыстық ықыласына ие болдыңыздар, әлемдік спорттың дамуына үлес қостыңыздар. Сіздер сүйікті ісіңіз бен туып-өскен еліңізге деген сүйіспеншілігіңіздің жарқын үлгісісіздер», - деді Алматы әкімі.

Ерболат Досаев Нариман Құрбановқа екі бөлмелі пәтердің, ал Ғұсман Қырғызбаевқа, Назым Қызайбайға, Александра Ле мен Ислам Сәтбаевқа бір бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті. Сонымен қатар, спортшыларға 5 және 4 миллион теңгеден ақшалай сертификаттар және жаңа автокөліктердің кілті табысталды. Әкімдік берген тұрғын үй сертификатымен бірге Нариман Құрбановқа демеушілер есебінен тағы бір пәтер сыйға берілді.

Олимпиадада елдің намысын қорғаған барлық алматылық спортшы мен бапкерлер құрамы ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Кездесуде олимпиадашылар алматылықтар мен бүкіл Қазақстан халқының қолдауын сезінгенін, жарыс кезінде жігерін жанып, жеңіске жетелегенін айтты. Сондай-ақ, олар қала басшысы Ерболат Досаевқа назардан тыс қалдырмай, әкімдік тарапынан көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 26 шілдесінен 11 тамызына дейін Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында алматылық спортшылар 1 күміс және 3 қола жүлде, жалпы жиыны 4 медаль жеңіп алды

Байланысты жаналықтар

Алматы әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды Қала күнімен құттықтады

15.09.2024

Тоқаев Алматы әкіміне өңдеу өнеркәсібін дамытуды тапсырды

30.07.2024

Мурат Касенов: Петицию об отставке Досаева я не подписывал

17.08.2023

«Ботофермалар жақсы жұмыс істеп жатырған шығар». Алматы әкімі Ерболат Досаев отставкасына қатысты пікір білдірді

26.07.2023

Алматыда орыс жерін біріктіруші князь Александр Невскийдің ескерткіші ашылды

13.07.2023

Алматыда жаңа әлеуметтік кодекс қызу талқыланып жатыр

20.04.2023
MalimBlocks
Алматы әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды Қала күнімен құттықтады

Мерекелік шаралар Көктөбеде мерекелік отшашумен аяқталады

Тоқаев Алматы әкіміне өңдеу өнеркәсібін дамытуды тапсырды

Президентке биылғы бірінші жартыжылдықтағы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы туралы баяндалды.

Мурат Касенов: Петицию об отставке Досаева я не подписывал

Борьба с незаконной застройкой в Казахстане всегда неравная. Не только потому что граждан, способных отстаивать общественные интересы, очень мало. Напротив, число инициативных групп в последнее время только растет. Активистам приходится противостоять бизнесу, давно сросшемуся с властью, и это нередко вызывает бессилие, отчаяние, и даже страх. О том, почему крупные города оказались в заложниках у застройщиков, мы поговорили с участником инициативной группы «STOP застройке» Муратом Касеновым.

«Ботофермалар жақсы жұмыс істеп жатырған шығар». Алматы әкімі Ерболат Досаев отставкасына қатысты пікір білдірді

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесті. Осы кездесуде тіркелмеген «Демпартия» мүшесі Аружан Дүйсебаева Досаевтан отставкаға кетуіне қатысты сұрақ қойды.

Алматыда орыс жерін біріктіруші князь Александр Невскийдің ескерткіші ашылды

Ескерткіш Жансүгіров көшесінің бойында орналасқан Невский атындағы шіркеудің ауласына қойылды.

Алматыда жаңа әлеуметтік кодекс қызу талқыланып жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында бекіткен әлеуметтік кодекстің жаңа нормалары жергілікті жерлерде талқылаудан өтіп, түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл кодекстің жаңа нормалары шілде айының бірінен қолданысқа енеді.