Еуро-2024. Нидерланд командасы жарыстың басты сенсациясын тоқтатты

Арман Қайыпхан

  • 02.07.2024

Румыния мен Нидерланд құрамалары Еуро-2024 турнирінің 1/8 финалында кездесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Мюнхенде өткен кездесуде жалпы үш гол соғылды.

Ойынның 20-минутында Нидерланд командасының шабуылшысы Коди Гакпо Флорин Ниценің қақпасынан саңылау тауып, турнирдің үздік бомбардирлері Джамал Мусиала (Германия), Иван Шранц (Словакия) және Джордж Микаутадзе (Грузия) қатырына қосылды. Барлығы 3 голдан соғып үлгерді.

Сондай-ақ Гакпо 63-минутта тағы бір гол соқты, бірақ офсайдқа байланысты оның добы есептелмеді.

Дегенмен голлландиялықтар 83-минутта тағы бір гол салып, есепті 2:0-ге жеткізді. Гол авторы - Дониэлл Мален.

Қосымша уақытта Мален қарсы шабуылға қашып шығып, дубль жасап, матчқа нүкте қойды. Қорытынды есеп - 3:0.

Енді 1/4 финалда Рональд Куманның командасы Австрия - Түркия жұбының жеңімпазымен ойнайды. Бұл матч бүгін Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Румыния құрамасы Бельгия, Словакия және Украина командалары қатысқан топтан 1-орын алып, плей-оффқа сенсация жасап шыққан еді.

Фото: x.com/EURO2024

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады