Головкин мен Мырзабосынов Азия ойындарында Қазақстан құрамасымен кездесті

Malim Админ

  • 09.02.2025

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасымен кездесу өткізді деп хабарлайды Malim.kz.

Іс-шара туралы толық ақпарат ҚР ҰОК ресми сайтында берілген. Айта кетейік, Головкин мен Мырзабосынов спортшыларымызды Азия ойындарындағы алғашқы жүлделерімен құттықтап, алдағы уақытта табыс тіледі. Естеріңізге сала кетейік, жарыстың алғашқы медаль күнінде Қазақстан қоржынына шорт-трек, конькимен жүгіру және шаңғы жарысы бойынша үш күміс медаль түсті.  Бүгін шорт-трекші ерлер құрамасы алтын медаль иеленді.

Жеңіс тұғырына көтерілген спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз. 
Мен сіздермен бірге болғаныма қуаныштымын және Азия ойындарында өнер көрсету, осындай ірі спорттық іс-шарада еліміздің атынан шығу қаншалықты маңызды және жауапты екенін түсінемін. Жалпы табысқа барлығы өз үлесін қосады. Бәріңізге жарқын жеңістер мен жаңа жетістіктер тілеймін», - деді Головкин.

Мырзабосынов мысал ретінде ҰОК басшысы, жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованы келтірді, ол да шараға қатысып, Харбин қаласында Халықаралық Олимпиада комитетінің президентімен кездесті.   

Ел қоржынына тағы үш күміс жүлде қосылды. Қазақстанның халықаралық мәртебесін нығайтуға қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздерді жеңіске сенетін мыңдаған жанкүйер қолдайды. Геннадий Головкин мен Ольга Рыпакова сынды ұлы спортшылардың жетістіктері мен жеңістері баршаңызды жаңа белестерге шабыттандырсын» деп келтіреді Мырзабосыновтың сөзін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі.

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындары 14 ақпанға дейін жалғасады.  

Фото: ҰОК  

Байланысты жаналықтар

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Үндістанда алаяқ студенттерді Қазақстандағы оқу орнына түсіріп беремін деп алдаған

13.04.2025

Қазақстанда жаңа 4 су қоймасы салынады

11.04.2025

Қазақстандықтарға Еуропаға бару жеңілдесе, не өзгермек?

08.04.2025

Қазақстанды ФИФА рейтингінде Қырғызстан мен Тәжікстан озды

03.04.2025
MalimBlocks
Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Үндістанда алаяқ студенттерді Қазақстандағы оқу орнына түсіріп беремін деп алдаған

Алданғандар 12 миллион теңге төлеген

Қазақстанда жаңа 4 су қоймасы салынады

Жобада Астана су қоймасын толықтыру жөніндегі жұмыс, 4 жаңа су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 4 су қоймасын реконструкциялау, 115 арнаны реконструкциялау және күрделі жөндеу көзделген

Қазақстандықтарға Еуропаға бару жеңілдесе, не өзгермек?

Қазақстан мен Еуропалық одақ виза талаптарын өзара жеңілдету туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр

Қазақстанды ФИФА рейтингінде Қырғызстан мен Тәжікстан озды