Каратэден ұлттық құрамаға бапкер болып Олимпиада жүлдегері тағайындалды

Сабина Асқарқызы

  • 24.04.2025

Каратэден (WKF) Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асаділов Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Дархан кәсіби спортта айтулы жетістікке қол жеткізген. Бұл қатарда Токио Олимпиадасындағы (-60 кг) қола жүлдені, әлем чемпионатының күмісі (2008) мен қоласын (2018), Гуанчжоудағы Азия ойындарының алтынын атап айтуға болады. Сондай-ақ ол - спорттың осы түріндегі ең беделді жарыс Karate-1 Премьер-лига бәсекесінің 8 дүркін жеңімпазы. 

Айта кетейік, Дархан Асаділов осыған дейін Шымкент қаласындаға спорт мектебінде және Қазақстан жастар құрама командасында жаттықтырушы болды.

Дархан Асаділов - қазақ каратэсін жаңа деңгейге көтерген бірегей спортшы. Алдағы қызметте отандасымыз бай дәстүрі бар сол мектептің стилін және өзінің бай тәжірибесін отандастарымызға көрсетіп, даярлауға жұмсайтынына сенімдіміз.

Асаділов үшін бас бапкер қызметіндегі алғашқы халықаралық жарыс мамырдың аяғында Ташкентте өтетін Азия чемпионаты болады. 

Бас бапкердің алдағы мақсаты - ұлттық құраманың жаттықтырушылар қосынын жасақтау, келесі жылы Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына тыңғылықты дайындалып, жоғары нәтиже көрсету.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Байланысты жаналықтар

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Grand Slam турнирінің финалына шықты

09.05.2025

Қазақстан спорт рейтингінде қай орынға жайғасты?

09.05.2025
MalimBlocks
Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады