Легионерлердің ұлттық құрамаға шақыртылмауының себебі анықталды

Швециялық хоккейшінің айтуынша, Қазақстан легионерлерді құрамаға шақырмау туралы шешім қабылдаған.

Сабина Асқарқызы

  • 17.05.2024

Қазақстан құрамасы мен «Барыс» клубының қорғаушысы Виктор Сведберг неліктен Қазақстан сапында өнер көрсетпей жүргенінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Шынымды айтсам, неге Қазақстан құрамасының сапында айдынға шықпайтыныма нақты жауап бере алмаймын. Бұған дейінгі әлем чемпионатынан екі апта бұрын олар маған хабарласып, құрамаға шетелдік ойыншыларды қоспайтынын айтты. Барлық шетелдікті шектеп, құрамада ойнауға тыйым салды, ол әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Түсінуімше, Қазақстан хоккей федерациясы мен үкімет осындай шешім қабылдаған.

– Неліктен Қазақстан азаматтығын алуға келістіңіз?  

– «Барыс» сапында екі маусым өткіздім, сонан соң әлем чемпионатында ұлттық құрамаға қосу туралы мәселе көтеріле бастады. Бұл ұсыныс маған қызық көрінгені рас, себебі ешқашан Швеция құрамасында әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндігім болмаған.

Азаматтық алудың тағы бір артық тұсы – ҚХЛ-да легионер саналмайтындығың. Бірақ Ресейдің Украинаға соғысынан соң жағдай түгелдей өзгеріп кетті. Мұны білгенде басқаша шешім қабылдар едім.

– Қазақстан хоккей федерациясы шешім қабылдамас бұрын ақша ұсынды ма?

– Жоқ. Олар паспорттың ҚХЛ-дағы артықшылығын жақсы білді. Себебі құрамада да, клубта да ойнай аламын деп ойладым.

– Болашақта Қазақстан құрамасына шақыртылуыңыз мүмкін бе?

– Білмеймін. Былтыр ұшаққа билетім болды, әлем чемпионатына барғалы жатқанмын, бірақ хабарласып жаңағы әңгімені айтты. Содан бері олар маған хабарласқан жоқ.

Фото: championat.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Қазақстанның шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысатын құрамы анықталды

05.05.2025

Самбодан Азия чемпионаты: Кадеттер арасында Қазақстан құрамасы бірінші орын иеленді

19.04.2025

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Игита мен Дуглас жоқ. Қазақстан Еуро іріктеуіне қатысатын құрамды жариялады

03.03.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Қазақстанның шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысатын құрамы анықталды

Қорытынды тізімге 25 хоккейші енді

Самбодан Азия чемпионаты: Кадеттер арасында Қазақстан құрамасы бірінші орын иеленді

Қыздардан Бақнұр Әбдешова (41 кг), Зере Талғатқызы (44 кг), Қаншайым Тұрдыбай (54 кг), Аружан Дауымбаева (65 кг) қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Игита мен Дуглас жоқ. Қазақстан Еуро іріктеуіне қатысатын құрамды жариялады