Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мұса Әбдірайымға WBC президенті жаңа атақ берді

Спорт
Мұса Әбдірайымға WBC президенті жаңа атақ берді

Алматыдағы әуежайда кепілге алынған қызметкерді құтқарып, елге ерлігімен танылған Мұса Әбдірайым Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) бейбітшілік елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы WBC ұйымының президенті Маурисио Сулейман әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Маурисио Сулейман қазақстандық Әлихан Жарылғапов арқылы ерлік көрсеткен Мұса Әбдірайыммен телефон арқылы сөйлесіп, оның іс-әрекетіне жоғары бағасын берген. Одан қалды жерлесімізді ресми түрде ұйымның бейбітшілік елшісі деп атады.

Онымен қатар тұрғанымды мақтан тұтамын. Спорт үшін ғана емес, адамзат үшін нағыз батыр, – деді ұйым басшысы.

Осыған дейін Алматы әуежайында жолаушы қызметкердің шашынан тартып, көпшілік алдында пышақ кезенгені туралы жазғанбыз. Президент Мұса Әбдірайымды «Ерлігі үшін» медалімен наградтады.

Фото: ашық дереккөз

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу