Олимпиададан бас тартқан Рыбакина бапкерімен де қоштасты
Теннисші бапкерімен 5 жыл бойы бірге жұмыс істеген.
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина хорватиялық бапкер Стефано Вуковпен серіктестігін тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
«Бес жылғы серіктестіктен соң Стефано екеуміз әрі қарай бірге жұмыс істемейміз. Мен оған корттағы жұмысы үшін алғыс айтып, болашақта барлық жақсылықты тілеймін. Қолдау көрсеткен жандардың бәріне алғыс білдіремін», — деп жазды Рыбакина өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
15 тамыз күні Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында WTA 1000 турнирінің бастапқы кезеңінде әлемнің 24-ракеткасы канадалық Лейла Фернандеске жол берді. Оған дейін Уимблдон-2024 турнирінде жартылай финалға дейін жетіп, чехиялық Барбора Крейчиковадан ұтылды.