Паралимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді

Үкімет үйі ғимаратында XVII Жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жаттықтырушылар құрамын марапаттау рәсімі өтті.

Malim Админ

  • 16.09.2024

Премьер-Министр Олжас Бектенов Президенттің атынан жоғары спорттық жетістіктері үшін мемлекеттік наградаларды табыс етті. Үкімет басшысы спортшыларды жоғары жетістіктерімен құттықтады. Биыл Қазақстанның Паралимпиада құрамасы тоғыз медаль жеңіп алып, тарихи рекорд орнатты, атап айтқанда, 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль алды.

ҚР Президентінің Жарлығымен I дәрежелі «Барыс» орденімен пара пауэрлифтингтен еліміздегі алғашқы екі дүркін Чемпион Дэвид Дегтярев, III дәрежелі «Барыс» орденімен Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы және пара дзюдодан алғашқы алтын иегері Ақмарал Науатбек марапатталды. Күміс медаль жеңіп алған мерген Еркін Ғаббасов, жүзуші Нұрдәулет Жұмағали және дзюдошы Шамей Ерғали «Парасат» орденінің иегерлері атанды.

Михаил Бурчалин, пара оқ атудан аға жаттықтырушы; Артур Томицкий, парапауэрлифтингтен ҚР Ұлттық құрама командасының бас бапкері; Жайдар Сайлаубаев, пара дзюдодан жаттықтырушы; Жандос Қиянов, пара дзюдодан ҚР Ұлттық құрама командасының бас бапкері; Айдар Картпаев, пара жүзуден ҚР Ұлттық құрама командасының бас бапкері; Тахир Мамашаев, пара жеңіл атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының бас бапкері.«Құрмет» орденімен қола жүлдегерлер – Дастан Мұқашбеков, Зарина Райфова, Даяна Федосова және Жұрқамырза Шүкірбеков марапатталды.

Ұлттық құраманың бас жаттықтырушылары мен спортшылардың жеке бапкерлері де жоғары марапаттарға ие болды. 5 тәлімгер «Парасат» орденімен, 7 – «Құрмет» орденімен, 2 жаттықтырушы ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды: Юрий Колесников, Д. Дегтяревтің жеке жаттықтырушысы; Айдын Әнәпин, А. Науатбектің жеке жаттықтырушысы; Дәурен Оразов, Е. Шамейдің жеке жаттықтырушысы; Саттар Бейсембаев, Н. Жұмағалидың жеке жаттықтырушысы; Мүслім Сәрсембеков Е. Ғаббасовтың жеке жаттықтырушысы; Сергей Безгачев Д. Мұқашбековтің жеке жаттықтырушысы; Қанат Сағындық Д. Федосованың жеке жаттықтырушысы; Абылай Шунаев, пара оқ атудан ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері;

Анықтама: Бүгінгі таңда Қазақстанда 19 паралимпиадалық спорт түрі дамуда, оның ішінде бочча, голбол, отырып ойнайтын волейбол, 5х5 футбол, үстел теннисі, парадзюдо және т. б.

Паралимпиада түрлері бойынша еліміздің ұлттық құрамасының құрамында барлығы 925 адам бар. 2024 жылғы Паралимпиадаға Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен өнер көрсеткен 44 спортшымен қатысты.

 

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады