Париж Олимпиадасы Қазақстан спорт тарихында антирекорд орнатты

Қазақстан Францияға өз тарихында ең кішкентай делегациямен, яғни 80 спортшымен аттанды

Арман Қайыпхан

  • 22.07.2024

Алматыда 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қазақстандық олимпиадашыларды шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Malim.kz.
Төрт жылда бір келетін басты спорт жарысына 205 елден 10 мыңнан астам спортшы өнер көрсетеді. Олар 32 спорт түрінен 329 марапат үшін таласады. 

Қазақстан осы жолы 92 лицензияға ие болды. Францияда еліміздің 80 атлеті спорттың 25 түрінен өнер көрсетеді. Оның ішінде 54 спортшы (67%) Олимпиада ойындарына алғаш рет барып отыр. 

Айта кетейік, Қазақстандық делегацияның 80%-ға жуығы былтыр Гуанчжоуда өткен Азия ойындарында өнер көрсеткен спортшылардан құралған. 
Қазақстан құрамасының ең жас олимпиадашысы - 17 жастағы Батырхан Төлеуғали (таэквондо), ал ең еңдесі – 37 жастағы Эльмир Әлімжанов (семсерлесу). Ең тәжірибелі спортшымыз - 31 жастағы Владислав Яковлев (ескек есу). Себебі ол өзінің 4-ші Олимпиадасына қатысып жатыр. 
Қазақстан Францияға өз тарихында ең кішкентай делегациямен, яғни 80 спортшымен аттанды. Бұл Қазақстан спорт тарихындағы антирекорд. Біздің елімізден ең көп спортшы қатысқан Олимпиада Бейжіңдегі 2008 жылғы ойындар еді. Ол кезде 22 спорт түрі бойынша 132 спортшы бақ сынады. Алдыңғы антирекорд 2020 жылғы Токио Олимпиадасына тиесілі. Ол кезде 19 спорт түрінен 93 спортшымыз қатысқан болатын. 

Фото: Туризм жəне спорт министрлігі

Байланысты жаналықтар

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиадаға жолдама алды

30.03.2025

Жәмилә Бақбергенова төрт дүркін Азия чемпионы атанды

28.03.2025

Еліміздегі 7 футбол клубы сатылымға шығарылмақ

28.03.2025

Париждегі саммит: Еуропа басшылары Украинаны қолдауды күшейтпек

27.03.2025

Енді мемлекеттік бюджеттен шетелдік спортшыларға қаржы бөлінбейді

27.03.2025

Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына екінші күміс медаль түсті

26.03.2025
MalimBlocks
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиадаға жолдама алды

Еркін бағдарламада Шайдоров төрешілердің шешімі бойынша 192,70 ұпай жинады

Жәмилә Бақбергенова төрт дүркін Азия чемпионы атанды

Еліміздегі 7 футбол клубы сатылымға шығарылмақ

Париждегі саммит: Еуропа басшылары Украинаны қолдауды күшейтпек

Енді мемлекеттік бюджеттен шетелдік спортшыларға қаржы бөлінбейді

Сенат бюджетті тиімді пайдалану үшін спорт туралы заңға түзетулер енгізді

Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына екінші күміс медаль түсті