Парижде 9-орын алған теннисші Астанадан 2 бөлмелі пәтерге ие болды

Спортшы Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсеткені үшін марапатталды.

Сабина Асқарқызы

  • 12.08.2024

Үстел теннисі федерациясы спортшыны Парижде жарқын әрі сәтті өнер көрсеткені үшін марапаттады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстандық спортшы Кирилл Герасименкоға Астанада екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды. Федерацияның айтуынша, спортшы Париждегі Олимпиада ойындарында жарқын әрі сәтті өнер көрсеткені үшін марапатталды.

Олимпиадада ұлттық команданың басты ойыншысы Кирилл Герасименко ерлер арасындағы жекелей сында 9-орын алған болатын. Бұған дейін қазақстандықтардың ешқайсысы мұндай нәтижеге қол жеткізбеген. Сондай-ақ Герасименко әлемдік рейтингтегі позициясын 46-дан 37-ге дейін жақсартты.

«Біздің спорт үшін бұл тарихи оқиға. Турнир барысында Кирилл ерік-жігердің мызғымас күшін, сөзсіз шеберлігін, кәсібилігін және нағыз спорттық талантын көрсетті. Ол үстел теннисінің қазақстандық шеберлері әлемдегі ең мықты спортшылармен лайықты бәсекелесе алатынын көрсетті», — деп түсіндірді Қазақстан Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин.

instagram.com/ttfrk

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады