457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Парижге баратын қазақстандық делегацияға бюджеттен 900 млн бөлінген

Еліміздің атлеттері спорттың 25 түрінен бақ сынайды.

Париждегі Олимпиадаға Қазақстан құрамасының бір тобы аттанып кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына берген жауабында Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 900 млн теңгеге жуық қаржы бөлінгенін айтқан.

«Қазақстандық делегацияның қатысуына жұмсалған шығын қазір 896 687 000 теңгені құрайды. Бұл қаражат мемлекеттік бюджеттен бөлінген. Ол қаржыға спорт нысандарын жалға алу, сақтандыру, қазақстандық делегацияның ұшуы, штаб мүшелерінің тұруы мен тамақтануы кіреді», - деп хабарлады агенттік тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.

Бұл ретте делегация мүшелеріне олимпиадалық қалашық аумағында тұру қарастырылған.

Айта кетейік, еліміздің атлеттері спорттың 25 түрінен бақ сынайды. Жалпы 80 спортшы 92 лицензия жеңіп алған. Одан бөлек, бапкерлер, менеджерлер, медициналық қызметкерлер, журналистер бар.

Фото: olympic.kz