Қасқыр-адам
Әңгіме
– Апа деді Ғайша қолындағы кесесін дастарханға қойып. Үйдің тағамдарын ішсем болды жүрегім өрекпіп құсам да тастаймын. Неге екенін белгісіз түз тағысының етіне жерік болып қалғандаймын.
Ғайшаның айтқан сөздерінен шынымен қорықты ма, жоқ әлде именді ме белгісіз. Көмейіне келген сөзді кібіртікеп барып шығарды.
– Әй, қарақ, о заманда, бұ заманда да, ит-құстың етіне жерік болған қатынды алғаш көруім. Сонау ықылым заманнан келе жатқан тәмсіл бойынша, қазақ бөрінің сүтін емген. Қазақ атамды бөрі бағып өсірген деген аңыздар естігем. Ал былай жерік болуы естір құлаққа оғаш. Тек зәрушілікке етін жеп қанын ішкені болмаса, бөрі баласына бекерден бекер оқ атпаған. Кім білсін? Тәңірден түскен бұ да бір аян шығар. Қысқа ғана өмірде пенденің басына түскеніне көнемізде. Әкелші, шырақ, сұқ саусағыңды ұшынан қан шығарып қояйық.
Әз ананның айтып жатқан сөздері Ғайшаға бірде алыстан естілгендей болса, бірде құлағының тұсынан саңқылдап шығады. Ғайшаның бар ойы отағасының итқұстың жып-жылы етімен жып-жылы қанын әкелсе деп құрсаққа жаңа біткен шеміршекті алақанымен басты. Жәди айы келгелі, ымырт та ерте түсіп, төңіректі алакөлеңке тез үйрле бастайды. Күн жарық кезде ене мен келін үй жұмыстарын барынша өндіріп істегендей болады. Әйтеу бір бітпейтін күйкі тірліктің жұмысы біткен бе, аңнан келген Береннің ас суына кейде үлгермей бірі сырмақтың жиегін жиектеп отырса бірі түйе шудасын шүйкелеп ұршық иіріп отырғаны. Берен қырау басқан сақал мұртын салалы саусақтарымен сылап тастап, тошал үйден кер биенің төстігін ас тақтайдың үстіне әкеліп жонып турап отырып, ене мен келінің үйлесімділігіне қарап мырс етіп езіуін жайғана тартып қояды.
***
Ол күндер қамсыз-мұңсыз күндер екен ғой деп, Ғайша күрсіне дем алды. Енесіне осы Әбілге аяғы ауыр жүрген кездегі айтқан жай есіне түсіп, тек өзін кінәлі адамдай сезді. Қасқырдың қанына жерік болағанының жұмбағын әлі түсіне алар емес. Алуыл адамдарын айтқан сөздерінің ешбірі елемей Берен де не үшін лып ете қалды сол күні қасқырды тірідей ұстап әкелем деп. «Әйтеу күрмеуі көмес мына тіріліктің шегі жоқ жұмбағы болса керек» деп, өзін жұбатқысы келесе де, жұбата аламады. Берен үш тәулік Бұраты мен Қойлықтың адырларымен сайларын шарлап жүріп, ұябасар қасқырды жамбасынан оқ дарытып жаралы әкелгені әлі есінде. Береннің сондағы қуанышы Ғайшаны санасында мәңгі сақталып қалды. Жұбайына деген адал махаббатын айтпаса да езуінде риясыз күлкіден анық байқауға болар.
Тек Берен қолына кездік алып ауызы буылы жатқан ұябасарды бауыздағалы жатқанда Ғайшаның бойын бір қорқыныш билеп еді. Ол қандай қорқыныш екенін түсіне алмады. Мүмкін өмірге келмеген шақалағы үшін қорқты ма? Оны да білмейді...
Берен Ғайшаға қарап қойып саптаяқ әкелдегенді жанарымен білдіріп қана қойды. Ғайша жеңіл қозғалып, Беренге қолындағы саптаяқты ұсынды, қорқырап жатқан қасқырдың жып-жылы қанын құйып аяулы жарына береді. Ғайша екі езуінен сорғалатып қасқырдың жылы қананын обырлана жұтты. Тек енесі келіп Ғайшаның бетінен тартып жіберді.
– Ақымақсыңдар екеуің де деп, ажырая қарады ұл мен келіне: Сендер не істедіңдер қараңдаршы қасқырдың жатырына, бүлкілдеп жатыр. Бұл да сендей бір ана. Өмірге ұрпақ әкелуге мұның да құқығы бар еді. Сендер не бүлдірдіңдер: Өмірдің жарығын көрмей жатып, жатырда жатқан күшіктерін енесімен бірге жақанамға жөнелтің. Бірақ оның не жазығы бар еді. Алладан тілейік өмірге келер ұрпақтың аман-сау келуін. Сен екеуің барып, қырық құман сумен бойларыңды тазартып келіңдер. Мен барып құрым кигіз дайындайын, бәле жаладан сендерді аластап үйге кіргізбесем жаным жайтабар емес!
Қасқырдың қанын ішіп жерігін басқанан кейін Ғайша екінші рет ананы-мынаны жейміндеп үйдегі жандарға қиғылық салмайтын болды. Бірақ Береннің мінез-құлқы күрт өзгеріп шыға келді. Түн баласына шошынып ұйқтағанды қойды. Ұйқтағаның өзінде, түн жарымында «қасқыр-қасқыр» деп, шошынып оянатынды шығарды. Ұлының жайынан шошынған ана ауыл молдасына барып бірнеше рет ұлына ішірткі әкеліп берді. Ішірткі ішкен соң бірнеше күн жақсы ұйқтап жүреді де, біраздан соң, әдетті қайталанып болмай қойды. Бұл жайға Ғайша өзін кінәлай енесі мен күйеуінің бетіне тік қарап сөйлеуден қалды. Берекеге толы үйдің қию кетте бастады. Ауыл қатындары не қилы сан түрлі оқиғаларды құрап тауып, сан саққа жүгіретінді шығарды. Бірде Кәрімбайдың келіннің қалжасына жиналған қатындарға Сары аты бар Сұрауханың қатыны Күлән жан-жағындағы жасы бар, кәрісі бар аналарға қарап қойып; қолында дөре шайды ұртай отырып, тыңнан түрен салды.
– Құдай-ай, сіздер білесіздер ме ана Береннің әйелі жатырдағы қасқырдың күшігінің етіне жерік болған көрінеді. Бекерде тәкапарланатын кірпияз енесі сол жатырдағы күшіктің етін қуырып, қара қуырдақ жасап береген екен! Ана жас келін аузының суын ағызып тұрып жерік асын жеген көрінеді. Айтпақшы ұмытып барам, әлгі қасқырды мал сияқты бауыздаған екен, жаны шықпай екі көзі ақшырайып Беренге ұзақ қарап жатып жан тәсілім етіпті. Сол қасқырдың рухы бар ғой Беренді түн баласы ұйықтатпайды, тіпті бірнеше рет қанжар тістерін ақситып алқымнан да алған сияқты.
Жиналған жұртың көбі бетерін шымшып, өз бетімен кетсін деп, дастархан шетін жұтырықтарымен тықылдатыпты. Кейбір сөз құмар келіншектер, ол қасқыр ұрғашы екен, Беренге ғашық болып қалыпты дей қалжыңның сорпасын сапырып, бықсып тұрған өсектің шоғын одан әрмен үрлепті.
Біреудің сыртынан ғайбаттау ол күнә саналса да, ауыл адамдары Береннің отбасын ғайбаттауды тоқтатпады. Күнен-күнге өсек бүкіл ауылдың бала-шағасына дейін айтылатын ермекке айналды. Отбасы жайлы әңгіме, Беренге ауыр тиді. Ол енді аңға шыққанды да қойды. Түлкінің пұшпағын сұрап келгендердің талайымен шекісіп, кейбірінің танауын қанатып қоя беретін болды.
Үйде жата беруден зерікті. Теріскейге шығып қақпан құрып келгісі келгеніне, міне, екі күн: Бүгін де таң сәріден ерте тұрып, тыпыршы қағып отырғаны. Долыйдың үй жағына бір қарап қойды, қидың бозғылт түні будақтап шығып жатыр. «Әй, сен де бір күн тауға шықпасаң денең құрысып қалады» деп, бір мырс етті де өзі де пеш жағуға кірісті. Үй іші тым тырыс аққайыңның бытырлап жанғаны тыныштықты бұзғандай болады. Пештің алдында ағаш жалынына қарап қанша отырған белгісіз, ту сыртынан «Беке» деген Долыйдың сөзіне елең ете қалды.
– Берен, бұлай мүжіле берме, өз-өзіңді іштей жеген ше, маған ер тауға шығып сергіп қайт?
– Сен өзің де естіген шығарсың, мен үлкен қателік жасадым. Ұябасарды тірідей бауыздап, жатырдағы кінәсіз күшіктердің тынысын тоқтаттым білесің бе? Бұл дегенің кешірілмес күнә!
– Әй, Беке, сен оңайлықпен мүжілетін азаматтардың қатарынан, емес едің не болды, бұлай күңіреніп. Олар қасқыр болып қораңа шауып, Ана ақбақайдың қарнын жарып ақтарып кетсе, сен сол кезде өкінер едің. Ал мына жайды мен өз басым қос қолдап, қолдаймын. Ауыл қатындары оттай береді. Олардың әдетті емес бе? Ісіріп кептірмесе жүр алмайтыны, қатындар өсек айтпаса тұра аламайды. Ал біз қырқаға шықпасақ тұралмаймыз. Ал ана мылтығыңды. Ақбақайды ерттеп дайындап қойдым. Жануардың не жазығы бар. Бауырын жазып келсін. Ақбақайды, мен еріктеп жатқандағы қылығын көрсең ғой, бір орнында тыпршып тұралмады. Жануарға обалдық етпе, не жүгенін сыпырып, ер тоқымын алып, қоя бер. Олай еткің келмесе менімен еріп теріскейді бір шолып қайтайық.
Бағанадан бері екі азаматың сөзін тыңдап жатқан «ана» басын көтеріп, Долыйға қарап ұлын бой жазып келуіне қарсы емесін айтып, ірге жаққа аунап түсіп, көрпесін қымтап жатаберді. Шешесінің де, сөзін жерге тастағысы келмеді бір жағынан, бір ойы ақбақайына да қиянат жасағанын сезініп, Сеңсең ішігін киіп, оқшантайын күміс белдігіне байлап сыртқа шықтты. Ана дай жерде Долыйда сақадай сай тұр. Аяғында ақтабан ұзын қонышты етік, басында түлкі тымақ, үстіне кигені тауешкінің ішігі, сырт қараған адамға байағының билеріндей салтанатты сыртқы пошымы. Өзі де Долыйдан салтанат жағынан кем емес.
Екі аңшы Теріскейді бетке алып аттарын бүлкілдей жөнелді. Долый қайта-қайта, қарап қояды жолдасына. Тас түлектей томаға тұйық келеді. Көңілдің түбінде бір түйгені бар секілді. Не ше рет сөзге тартқысы келіп ананы-мынаны айтты. Қабағы сол түюлі қалпы. Үлкен қара шоқыдан асқанда барып Берен аттының басын тартып кілт тоқтай қалды да, Долыйға қарлы қияны қолымен нұсқады.
– Анау қияда кісі киіктер мекен етеді, сен ол жайлы естіп бедің. Мен олардың ізіне түскеніме сегіз жыл болды. Қанша рет алыстан дүрбі салып бақыладым, бір қарасаң сыртқы пішіндері адам баласына ұқсайды. Жүріс тұрысына дейін. Тек үстіндегі түгіне қарап адам деп айта алмайсың. Анау қой тастарды көріп тұрсың ба? Соған қарай жақындайық. Сол кезде сөзімнің рас өтірігіне көзің жетеді.
– Әй, сен үйде отыра-отыра қияли болып кетіпсің. Амал жоқ бүгін сен не айтсаң соған көнем!
Берен атының сауырын қамшы басып қап, қой тасқа қарай желе жөнелді. Долый да бір неше рет қариялардың аузынан естіген болатын. Бірақ мән бере бермеген. Қойлықтың басындағы қарлы шыңды екі аңшы түс ауғанша бақылады. Долый, Беренің мына қылығынан зерігіп мылтығын бір оқтап алды да, тау тасты күңіретіп атып жіберді. Берен не істедің дегендей жақтырмай Долыйға қарап қойды.
– Әй, шыдамсызсың сен. Сәл күткенде көзге шалынар еді. Сен ана бір ақбура тасты көрдің бе? Соны айналып қыр басына жақында. Ал мен саған қарама қарсы түсқа таяп саржал тастан баспалай қараймын. Көріп тұрсың ба әнеу екі сын тасты әдете олар сол арадан саржал тасқа қарай жүреді. Сенбесең қар бетіндегі іздерге қара.
Долый қолындағы дүрбісімен жолдасының айтқан тұсын шай пісірім уақыт бақылап қарады. Шынымен де солай екен. Қардың бетіндегі ізге сенбеске лажы қалдырмады. Баспалай жүріп отыр ақбура тастың оңжағына шығыңқарап бесатарын сынтасты бағытап қарауылға алып отыра кетті.
Берен үстіндегі киімдерінің оңбетін теріс аударып теріс бетін киіп сынтасқа қарай бүгжектей өрлеп кетті. Долыйдың екі көзі сын таста, қашан қылтың еткен көз ұшына шалынар қарайған көрінсе шүріпені басуға әзір отыр.
Сын тасқа жеткен соң төмендеу қалған досын бір қарап қойды. Ал енді досым мына құрсаудан өзің құтқар. Сенің қолыңда өлуді Алла нәсіп еткен екен. «Ла иллаһа ил Аллаһ Мұхаммед Ар-расұл Аллаһ» деп, сын тастың ортасынан шыға келді. Долыйдың да аңдып жатқаны осы болатын шығып келген кісікиікті бағытап мылтығын атып жіберді. Атылған оқ Береннің көкірек тұсын тесіп өтіп қорылдап барып құлады. Ежелден сын тастың оң жағында қасқырдың шағын апаны болған. Береннің қаны сол апаның аузына дейін ағып жатты.
Долый жоғары өрлеп ентігіп жүгіріп келеді. Шынымен мен кісікиікті аттым ба, мүмкін олар жұп та шығар деген оймен жан-жағын барынша сақтықпен бақылап отырып, жайрап жатқан ол жасының қасына келді. Өзіне-өзі сенбей тұр. Атқаны кісі киік емес өзінің жақын досы Берен. Басын құшақтай отырып жылап жіберді. Қолындағы мылтығын сынтасқа бір ұрып лақтырып жіберді Береннің мүрдесін алып ауылға түн жарымында келді.
Таң ата таудағы оқиғаны бүкіл ауыл естіді. Бір топ қатындар Беренің отбасына көңіл айтуға кетіп барады. Арасында ешкім марқұм жайлы артық сөз айтқан жоқ. Барлығы да енді түлкі жағалы шапан киюдің ауылы алыс екенін сезіп келеді.
Таң сәріден ерте тұрып, Долый жоқ болып кеткен. Әйел бала-шағасы тұғыр, ешбір пенде қайда кеткенінен хабарсыз қалды...
***
Әбіл биыл он үшке толды. Әке тәрбиесінде көрмеді. Әжесі мен анасы ел қатарлы болсыншы деп аудан орталығына оқуға жіберіпте көрді. Өз қатарынан қаламсынан деп, өңі түзу киім, тәттімен дәмді дүниелердің бәрін Әбілдің алдына тосты. Әбілге керегі оқу да тәтті дәмде емес.
Аудан орталығындағы оқуды тастап қашып келгені үйге үш күн болды. Төр алдында іліулі тұрған әкеден қалған мұра «бесатарды» әлісін-әлісін айналшақтап сыйпап қояды. Үйде үлкендер жоқ бола қаласа, қаруды қолына алып есік жақты оқтап, аңшының кейпінде жерге екпетінен жата қалады. Бұл қылығы үрпиіп отырған екі ананы қатты қорқытты. Кімнен ақыл сұрайтындарын білмей бастары қатты.
Ақыры Әбіл өздегеніне әжесімен анасын көндірді. Көрші Долый мен аңға баратын болды. Бала Әбіл қуанғаннан қутыңдап, Долыйдың айтқанын екі етпей зыр жүгіріп жүр. Долый баланың іс-әрекетінен әкесі жарықтың қимылын байқап басын шайқап қойды. Іштей орында бар оңалады деген осы, Берен сен бақытты әкесің деді, әке жолын жалғаушы артыңда атқа мінерің бар. Сен бүгін қабірде шүкір етіп жатқан шығарсың. Мына мен кетсем Құла төбеліні мініп аң қумақ тұғыры шылбырын ұстайтын бір ұлдың артымда қалмайтыны өзегімді өртейді. Ұрпағым жоқ емес бар, тәуба, бәрі бір түстес, жат жұртың адамы, қыз бала әке түтінін түтете алмайды, тек басқаның босағасының шырағын жағып, сол жақтың ұрпағын өрбітеді. Міне үзеңгілес жолдасым, сенің ұлыңа бар білгенімді үйрету үшін аңға алып барам. Бүгінен бастап ол тек сенің ұлың емес меніңде ұлым. Ұлым деп иемденгеніме кеш, досым! Қабір басында қартаң аңшы мен балаң аңшы аруақтарға құран бағыштап, алдағы аңшылық сапарды оңынан болуын Аллаға алақан жайып дұға етті.
Сол баяғы Беренің ақырғы дем үзілген қаралы сайды қиялай қиып Бұратыға қарай «бала» аңшымен «қарт» аңшы аяңдап барады. Неше ірет Долый Әбілге қарап бірдеңе айтқысы келді. Бірақ қалай айта алады. Тауда мен сенің әкеңді абайсызда жазым қылып алдым деп пе? Онда қасында еріп келе жатқан баланың өзіне деген сенімі жоғалар қақ.
Екеуі бірі-бірін жанарларынан түсінгендей болып келеді. Бала да сіздің әкемді жазым қылғанан кейін қайда кетіңіз деген сұрақ қойғысы келеді. Долый болса арым жібермеді. Түрмеде он үш жыл отырып келдім дегісі келеді. Екі пенде де іштей сөйлесіп, іштей түсінісп келеді.
... Ұзаққа созылған үнсіздікті Әбіл бұзып, әкей осы менің әкем қасқырды тірі ұстағаны распа? Әлібектің бұл сұрағына, жәй сылағана жауап берді, қабағы түйіле.
– Ауыл адамдары солай дейді. Бірақ өз көзімен көрмедім. Өзің ойлашы азу тісі ақсиған көкжалды тірідей байлап әкелу мүмкін бе?
– Мүкін емес сияқты. Бірақ бүгін қалайда тірідей қолға түсірем. Сіз сонда сенесіз.
– Ха-ха-ха-ха
– Күлмеңіз мен әкеме тартсам қалайда тірідей ұстаймын. Сосын мына кездікті көрдіңіз бе, бауыздап қанын ішем мына саптаяқпен.
Долый қасындағы он үш жасар баланың сөзінен де өзінен де қорқайын деді.
Нұрғайып Хавсемет