freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ясмина Тоқсанбаева - Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Спорт
Ясмина Тоқсанбаева - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Фото: ҰОК

Спорттық жүрістен Азия чемпионаты аясында Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті жүлде түсті. Құрлықтық дода Номи қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Аталған жарыста ел намысын қорғаған қазақстандық спортшы Ясмина Тоқсанбаева жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдені жеңіп алды. Ол жартылай марафон қашықтығын 1 сағат 37 минут 17 секундта бағындырып, мәре сызығын екінші болып кесті.

Бұл қашықтықта алтын медальді Қытай спортшысы Чжан Тин жеңіп алды. Оның көрсеткіші — 1:36:18. Ал үшінші орынды тағы бір қытайлық атлет — Лю Хайянь иеленді. Ол жарысты 1:38:45 нәтижесімен аяқтап, қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, Номи қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатына құрлықтың бірқатар мықты спортшылары қатысып, жүлделі орындар үшін тартысты бәсеке өрбуде. Осындай додада қазақстандық спортшының жүлдеге ілігуі ұлттық құраманың әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу