freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әсет Матаевқа тағылған айыптардың бір бөлігі алынып тасталды

Құқық
Әсет Матаевқа тағылған айыптардың бір бөлігі алынып тасталды
КазТАГ

ҚазТАГ агенттігінің бас директоры Әсет Матаевқа қатысты ҚР ҚК-нің 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылды, деп хабарлайды Malim.kz Orda.kz сайтына сілтеп.  

Алайда Матаев Алматының Медеу ауданындағы «Достық Плаза» сауда үйі маңында болған төбелеске байланысты бұзақылық ісі бойынша күдікті ретінде қалды.

«Әсеттің досы жігіттердің бірін қызбен шатастырып алған. Менің түсінуімше, жанжал осыдан басталған. Шынында да ол жігіттің сырт келбеті ерекше: ұзын жирен шашты, мойнында шынжырлары бар және т.б. Түнгі шамамен сағат 2-де, досымен отырған, она арт жағынан қарағанда шатастырып алу оңай болған» деп жазды Рена Керимова Facebook парақшасында.

Полиция оқиғаға қатысқандардың барлығын ұстап, қылмыстық іс қозғады. Тараптардың нұсқалары әртүрлі: полиция жанжал мас адамдар арасында болғанын айтса, қорғау тарабы шабуыл жасалғанын алға тартады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу