freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақша жымқырған «ҚазАвтоЖол» филиалының экс-басшысына жаза күшейтілді

Құқық
Ақша жымқырған «ҚазАвтоЖол» филиалының экс-басшысына жаза күшейтілді
Gov.kz

Прокуратураның апелляциялық шағымы бойынша сот «ҚАЖсервис» ЖШС-нің бұрынғы басшысына қаражат жымқырғаны үшін жазаны қатайтып, үш жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, деп хабарлайды Malim.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеп.

«2024 жылы жүргізілген жұмыстар аясында «ҚАЖсервис» ЖШС Шығыс Қазақстан филиалында іс жүзінде лауазымдық міндеттерін атқармаған адамдарды жалған жұмысқа орналастыру және оларға кейіннен заңсыз жалақы төлеу арқылы ақшалай қаражатты жымқыру фактісі анықталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған құқық бұзушылықты жасауға филиалдың бұрынғы директорының қатысы бар екені анықталды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. (...) Прокуратураның апелляциялық наразылығы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы істі қайта қарап, келтірілген Т6,7 млн көлеміндегі залалды өндіріп алумен бірге жазаны үш жыл алты айға бас бостандығын шектеуге дейін күшейтті. Бүгінгі таңда шығын толық көлемде өтелді», - делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.

Бастапқыда Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы үкімімен филиалдың экс-басшысы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін (ҚР ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы) кінәлі деп танылып, екі жыл тоғыз айға бас бостандығын шектеуге сотталған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу