Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Абай және Ақмола облыстарын су басу қаупі бар

Қоғам •
Абай және Ақмола облыстарын су басу қаупі бар
ТЖМ

30-дан астам елді мекенде су басу қаупі сақталып тұр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлім етті.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, бес өңірде қауіп бар, яғни Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай және Қарағанды облыстары. Осыған дейін төрт облысты аралап шықтым. 30-дан астам елді мекенде қауіп сақталып тұр. Бұл тұрғыда қауіпті жағдай Ақмола және Абай облыстарында болуы мүмкін, — деді Қанат Бозымбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.

Оның айтуынша, қазір өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық қызу жүріп жатыр.

Өңірлерге барғанда тиісті әкімдерге тапсырмалар берілді. Осы ретте бөгеттер мен арықтарды тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан 30 астам елді мекенде бұл іс-шаралар қарқынды іске асып отыр. Былтырмен салыстырғанда Ақмола облысында түскен қардың көлемі көбірек, — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу