457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақ боксшылары Таиландтан үш алтын алып қайтты

Сәуір айының 1-10 аралығында бокстан Таиландтың Пхукет қаласында Thailand Open халықаралық турнирі аяқталды. Бұл турнирге әлемнің 14 елінен 130-ға жуық шаршы алаң шеберлері бағын сынады.

Қазақстан атынан 11 боксшы өнер көрсеткен болатын. Жүлде алған боксышылар:

Серік Теміржанов 57 кг – алтын медаль;

Нұрбек Оралбай 81 кг алтын медаль;

Айбек Оралбай 91 кг – алтын медаль;

Сұлтан Мусинов 63 кг – күміс медаль;

Асланбек Шымбергенов 69 кг – күміс медаль;

Санатәлі Төлтаев 63 кг – қола мелаль;

Аятолла Тәкіжанов 75 кг – қола мелаль;

Сағындық Тоғамбай 91 кг – қола мелаль;

Жалпы командалық есепте жарыс қожайындары Таиланд 3 алтын, 3 күміс, 4 қоламен бірінші орын алды. 3 алтын, 2 күміс, 3 қол Қазақстан құрамасы екінші орын. Үшінші орынды 2 алтын, 3 күміс медельмен Үндістан иеленді. Филиппин 1 алтын, 1 күміспен төртінші орын иеленсе, үздік бестікті Вьетнам 5 қола медальмен түйіндеді.