Қазақ боксшыларының суреті Париж көшелеріне ілінді

Париж Олимпиадасына бокстан ерлер құрамасы толық құрамда бара жатыр

Malim Админ

  • 23.07.2024

Қазақстандық боксшылардың фотосы Олимпиада қарсаңында Париж қаласының    төріне ілінді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады. 

Атап айтқанда, қазір Париж көшелерінде Сәкен Бибосынов, Қамшыбек Қоңқабаев, Нұрбек және Айбек Оралбайлардың фотосуреті тұр.

Еске сала кетсек, қазақ боксшылары Парижге 21 шілдеде аттанған болатын. Олар Францияға Алматы әуежайынан ұшты. Бортта 10 олимпиада үміті, бапкерлер, спарринг серіктестер және ғылыми топ мүшелері бар.

25 шілдеде жеребе тарту рәсімі өтеді. Сол күні отандық боксшылардың қай уақытта шаршы алаңға шығатыны белгілі болады.

Бұл жолы Париж Олимпиадасына бокстан ерлер құрамасы толық құрамда бара жатыр. Ерлерден Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Асланбек Шымбергенов, ағайынды Нұрбек Оралбай мен Айбек Оралбай және Қамшыбек Қоңқабаев ел намысын қорғаса, әйелдерден Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова үш салмақта шаршы алаңға шығады.

Сонымен, төртжылдықтың дүбірлі додасы 4 күннен кейін басталады. Қазақстан құрамасы оған спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алған.

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Байланысты жаналықтар

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025
MalimBlocks
Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады