Қазақ күресі: Кәрім Мәсімов нәтиже берген жоқ

Арман Шораев қазақ күрестің жанкүйері ғана

Malim Админ

  • 05.04.2022

Күрес өнері – жауынгерлік өнердің бірі. Тарихта қазақ халқында талай апайтөс балуандар өтті. Бізге аты мәшһүр болған Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Балуан Шолақ (Нұрмағамбет), Иманжүсіп Құтпанұлы, аюмен алысқан Ақтай балуан қатарлы дала алыптары бар. ХІХ ғасырға дейін қазақ жерінде күрес өнері қазіргі күрестен гөрі жауынгерлік өнерге жақын жекпе-жек түрінде өткені тарихтан белгілі. Оны қазақта «Арысқа түсу» деп атаған. Ондай көріністер Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасында айқын көрініс береді.

Күрес өнерін зерттеушілердің дерегінше, Қазақ күресі бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. 2004 жылы қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда Қазақ күресі бойынша халықаралық федерация құрылды. Федерацияның президенті Серік Түкиев болды. Жалпы Қазақ күресінің ғылыми жүйеленуі 1920 жылдан басталады. Алғаш рет 1936 жылы Семей қаласында Қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті. Содан бері қазақ күресі белгілі даму кезеңдерінен өтіп келеді. Тәуелсіздіктен кейін алғаш рет 2011 жылы Арман Шораевтың бастамасымен республикалық «Қазақстан барысы» турнирі өткізіліп, Ұлан Рысқұлов тұңғыш Қазақстан барысы атанған болатын. Сонымен қатар Бейбіт Ыстыбав, Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев, Ержан Шынкеев, Дәурен Нұралинов Қазақтан барысы атанды. Осылайша ұлттық күрес халықтың көзайымына айналды. Алайда қазақ күресі айналасында да аз-кем дау-дамай шығып жатты... Осыған орай Qazaq kuresi Ассоциациясының спортты дамыту бойынша директоры Бақдәулет Сәбитовті әңгімеге тартқан едік.

– 2020 жылы 29 ақпанда өткен Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы және Республикалық қазақ күресі федерациясының бірлескен конгресінде Qazaq kuresi ассоциациасы құрылды. Республикалық «Қазақстан барысы» жобасы да осы қауымдастықтың құрамына кіре ме?

– Тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық күресті дамыту барысында елімізде республикалық, дүниежүзілік, халықаралық федерациялар болып жұмыс істеді. Қазақ күресін кәсіби спорт негізінде дамыту, халықаралық аренада насихаттау мақсатында 2020 жылы аталған ұйымдар Qazaq kuresi Ассоциациясына біріктірілген болатын. Бұл ұйымдардың әрқайсысы да өз деңгейінде қазақ күресінің дамуына үлесін қосты. Республикалық «Қазақстан барысы» турнирін «Qazaqstan Barysy» қоры өткізеді, ал Qazaq kuresi Ассоциация спорттық жағын бақылайды.

–  «Қазақстан барысы» жобасының негізін қалаған Арман Шораев екенін білеміз. Ол қазір қазақ күресінің айналасында бар ма?

– Арман Төлегенұлының бастамасымен құрылған «Қазақстан барысы» қазақ күресін қолдау және дамыту қоры Ассоциациямен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді, алайда қауымдастықтың құрамында емес.  «Қазақстан барысы» жобасының идея авторы Арман Шораев 2019 жылы ҚР қазақ күресі федерациясының президенті лауазымы мен аталған қорды да жауапты мамандарға тапсырды. Қазіргі таңда Арман Төлегенұлы ұлттық күрестің жанкүйері ғана. Өзінің қазақ күресінен кету себебін жаңа жобаларға, басқа арнаға бұрылуымен байланыстырып сұхбат берген болатын.

– Қауымдастық құрылып, алғашқы президенті болып Кәрім Мәсімов сайланды. Ол казақ күресін дамытуға қаншалықты үлес қосты? Алғашқы конгресте қазақ күресін олимпиадалық ойындарға қосамыз деген еді. Бірақ бұл істе алға ілгерілеу байқалмай жатқан сияқты?

– Қауымдастықтың Президенті ретінде Кәрім Мәсімов сайланып, екі жылға жуық басқарды, қазақ күресінің белгілі бір деңгейде алға жылжуына қол ұшын созды. Алайда олимпиадалық спорт түрлеріне енгізу жұмыстары пандемиялық жағдайларға байланысты айтарлықтай нәтиже берген жоқ, алдағы уақытта жалғасын тауып, тиісті жұмыстар жүргізіледі.

– Қазақ күресінің атауын өзгерту туралы айтылып жатады. Расында бұл мәселе Қауымдастықтың күн тәртібінде бар ма? Егер ауыстыратын болса, қазақта бұрыннан күресті «Арысқа түсу» деп атағаны тарихтан белгілі. Неге қазақ күресін «Арыс» деп атамасқа?

– Қазақ күресінің атауын өзгерту Қауымдастықтың күн тәртібінде бар мәселе, алайда ол бір күнде шешілетін шаруа емес. Ол ғылыми ортада, халықтық талқылауда талданатын болады. Атауын өзгерту мәселесі халықаралық аренадағы насихат жұмыстарына тікелей әсер ететін болғандықтан Қазақ күресі туралы әлем халықтарына ортақ атау қалыптастыру маңызды. «Арысқа түсу», «Арыс» атауларын ұсынған азаматтар да болды, бұл атау да алдағы уақытта талқылауға түсетін болады.

– Алда «Қазақстан барысы» турнирі 11-рет өткелі отыр. Биылғы турнирден қандай жаңалықтар күтеміз?

– «Қазақстан барысы» республикалық турнирі пандемиялық жағдайға байланысты 2019 жылы өткізілген жоқ, 2020 жылы көрерменсіз өтті. Сол себепті де биылғы турнир жанкүйерлерге, көрерменге бағытталған жарыс болмақ. Концерттік бағдарламалар, турнир тарихына қатысты фильмдер, облыстық іріктеулердің жергілікті арналарда көрсетілімін ұйымдастыру секілді жұмыстар жоспарлануда.

– Президенттің жолдауында белгілі болғандай, елімізге жаңа аймақтық әкімшілік бөліністер болып жатыр. Осыған орай, биыл өңірден іріктеліп келетін балуандардың саны артуы мүмкін бе?

– Турнир ауылдық, аудандық, облыстық кезеңдерден тұратындықтан, сәуір айының аяғына дейін облыстық іріктеулер өткізіліп қойылуы тиіс. Мамыр айында балуандар допингтік сынамадан өтеді. Сол себепті де Президент тапсырмасына сәйкес облыстардың құрылуы, бөліну процестерінің уақыт айырмашылықтарына қарай  үйлестірілетін болады. Мамыр айындағы оқу-жаттығу жиынына дейін құрылған жаңа облыстар жаңа құраммен келулері әбден мүмкін.

Сұхбаттасқан –

Бақытбек АСҚАР

Байланысты жаналықтар

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды

15.08.2024

Антикор Кәрім Мәсімовтің күйеу баласына іздеу салды

14.08.2024

Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейді

28.06.2024

ҰҚК: Кәрім Мәсімов кешірім сұрап, өтініш жасады

18.06.2024

Кәрім Мәсімовтің рақымшылығын Жоғарғы сот шешпейді – Рахметуллина

14.06.2024

Астанада қазақ күресінен «Қазақстан барысына» іріктеу өтіп жатыр

28.05.2024
MalimBlocks
Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды

Антикор Кәрім Мәсімовтің күйеу баласына іздеу салды

Ол "Қазтеміртранс"АҚ операция және логистика жөніндегі бұрынғы вице-президенті.

Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейді

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан айтты.

ҰҚК: Кәрім Мәсімов кешірім сұрап, өтініш жасады

ҰҚК мәліметінше, өтініш 2024 жылдың наурыз айында жасалған.

Кәрім Мәсімовтің рақымшылығын Жоғарғы сот шешпейді – Рахметуллина

Ол Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берді.

Астанада қазақ күресінен «Қазақстан барысына» іріктеу өтіп жатыр

Бәсекеде 80-ге жуық қатысушы 8 салмақ және түйе палуан бойынша жеңімпазды анықталады