Қазақ қызы Ғалия Тынбаева Астанадағы халықаралық жарыста чемпион атанды

Бүгін Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam басталды.

Malim Админ

  • 10.05.2024

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Ол финалда Grand Prix чемпионы Сабина Гилиазованы (AIN) жеңді. Бұл Ғалия

Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысыны алғашқы алтыны. 

Ол жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Европа чемпионы, Grand Slam жарыстарының жеңімпазы франциялық Ширин Боуклиді ұтқан болатын.

Астана қаласында өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің жеңімпазы ретінде әлемдік рейтингте Ғалия Тынбаеваның қоржынына 1000 ұпай қосылады. 

Сонымен қатар Қазақстанның атақты спортшыларының бірі – Елдос Сметов 60 келіге дейін салмақта қола жүлде алды. 

Шешуші белдесуді отандасымыз Әзірбайжан спортшысы Ахмад Юсифовпен өткізді. Үшінші орын үшін Елдос Сметовқа әлемдік рейтингте 500 ұпай қосылады.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam басталды. Әлемдік дода ережесі бойынша 1 орын үшін 1000, 2 орын үшін – 700, ал 3 орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады. Олимпиадаға рейтингтік ұпай үлестретін соңғы Grand Slam 12 мамырға дейін жалғасады.

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Байланысты жаналықтар

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады