Қазақстан волейболшылары Паралимпиадада Францияны ұтты

А тобында Қазақстан, Франция, Босния және Мысыр ойнайды

Malim Админ

  • 30.08.2024

Волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама Париж-2024 Паралимпиада ойындарын жеңіспен бастады.


XVII Жазғы Паралимпиада ойындарының топтық кезеңіндегі алғашқы матчында Қазақстанның волейболды отырып ойнаудан құрамасы Францияның командасын 3:0 есебімен жеңді.

Еске сала кетсек, Париж Паралимпиадасына 8 команда қатысады және олар екі топқа бөлінген.

А тобында Қазақстан, Франция, Босния және Мысыр ойнайды. Ал «B» тобында Иран, Украина, Бразилия және Германия құрамалары бақ сынайды.

Қазақстан құрамасының келесі ойыны 31 тамызда Астана уақытымен 17:00–де басталады. 

Париж Паралимпиадасына волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама 28 жылдан кейін алғаш рет қатысып отыр.

Айта кетсек, 29 тамызда парааеквондодан қазақстандық Милана Красавцева жұбаныш кездесуінде мысырлық спортшыға есе жіберіп, жарыс жолын ерте аяқтады.

Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды. Жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Фото: ҰОК

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады