Қазақстанның арнайы жасағы Дубайда алдыңғы орыннан көрінді

Еліміздің күштік құрылымдарының атынан 12 команда бақ сынады

Malim Админ

  • 07.02.2025

Дубайда өткен «Тhe UAE SWAT Challenge 2025» халықаралық жарысының жеңімпаздары елге оралды. Бес күнге созылған арнайы жасақ олимпиадасына әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ден астам команда қатысты.


Қазақстанның күштік құрылымдарының атынан 12 команда бақ сынады. 

Сіздер шеберлік, төзімділік және нағыз жауынгерлік рухты көрсеттіңіздер. Елдің туын көкке көтеріп, ел намысын арттыра білдіңіздер. Бүкіл әлемді мойындаттыңыздар, біз сіздерге қарап бір күш, бір жұдырық екенімізге тағы көзіміз жетті. Қандай құрылымда қызмет етсек те міндет ортақ — елдің қорғаны болып, қауіпсіздікті сақтау, заң мен тәртіпті орнатуға күш салу. Сіздерге барлық күштік құрылым жанкүйер болды, тақымын қысты, бүкіл халық болып жеңіске куә болдық. Жастар сіздерге қарап бой түзеді, антқа берік болды. Алғаш рет арнайы жасақтар қатарында аруларымыз қатысты, олар әлемнің мықты жігіттерімен бірге сынға түсті. Нағыз шеберлік пен қайсарлықтың белгісін көрсетті. Бұл нағыз ерлік. Құрметті жауынгерлер, біз сіздермен мақтанамыз, әрқашан, әр сайыста тек қана жеңіс болсын, алға Қазақстан!, — деді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов арнайы жасақ құрамасын салтанатты түрде қарсы алу барысында.

Жарыс барысында әлемнің үздік жауынгерлері шынайы операциялар негізінде жасалған бес күрделі кезеңнен өтті.

Жарыс жылдан жылға жетілдіріліп жатыр, осал ешкім жоқ. Барша Қазақстан біздің жарысты қарады, қазаққа қиын ештеңе жоқ. Жігітті намыс өлтіреді, қазақ үшін, ел үшін, біздің қызмет үшін намысты бермеуге тырыстық, үлкен дәрежеге жеттік, — деді Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы қызметі «А» жасағының мүшесі Мадияр Тілеулинов.

Осы орайда жеңімпаз жерлесіміз қолдау білдірген барша қазақстандыққа алғыс айтты. 

Бізге мол тәжірибе берді, өйткені жарыста практика, тактика бәрі бірге жүреді. Бұл арнайы жасақта жүрген қызметші үшін маңызды. Жарысқа 3 ай дайындалдық, — дейді ол.

Тартысты турнирде қазақстандық команда жеделдік, ұйымшылдық, дәлдік және біліктіліктерін көрсетті.

Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» командасы үш кезеңде жүлделі орынға ие болды, оның ішінде 2 алтын жүлде.

Жалпы көрсеткіш бойынша «Сұңқар» сайыпқырандары жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Доданың екінші кезеңінде мемлекеттік күзет қызметінің «Sardar А» командасы «алтын» алса, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Arystan Team» командасы екі кезеңде үздік үштіктен көрінді. 

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі құрылымындағы «Tomiris» әйелдер командасы ерлермен қатар әлемдік жарыста ел намысын қорғады.

Қазақстандық арулар әйелдер командалары арасында 2-ші орынға табан тіреді.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

 

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды