Қонаев сынаған кітап жарыққа шықты

Олжас Қасым

  • 16.10.2020

Бүгін Алматы қаласында жазушы Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫНЫҢ «Қызыл қар» романының тұсау кесер рәсімі өтті. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

Салтанатты рәсімге ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида БАЛАЕВА, халықаралық түркі академиясының президенті, академик Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, ақын-жазушылар Дулат ИСАБЕКОВ, Смағұл ЕЛУБАЙ, Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ, Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК, Мереке ҚҰЛКЕНОВ, Жұмаш КЕНЕБАЙ және әдебиетші ғалымдар Айгүл СМАҚОВА мен Бекен ЫБРАЙЫМ қатысты.

«Қызыл қар» шығармасы алғаш рет осыдан отыз алты жыл бұрын 1984 жылы повесть болып шыққан еді. Шығармаға қойшы өмірі арқау болған. Жазушы соцреализмге бой алдырмай малшының машақатқа толы ауыр тіршілігін суреттеп шығады. Қаламгердің басты кейіпкері жүз қойдан жүз елу қозы алатын озат шопан емес. Керісінше қозы төлдейтін уақытта малы қырылған қойшының дәрменсіз күйі жазылады. Ен далада, колхоз малшысының жұпыны үй, көтерем отар. Бұл шығарма сол кездегі Қазақстан орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед ҚОНАЕВТЫҢ сынына ілігеді.

«Қызыл қар» қалай шықты, солай соққыдан көз аша алмай қалдым. Осы қуғын үш жыл бойы жалғасты. Сондағы айтқандары, «қойшылардың өмiрiн жаман көрсеткенi үшiн» дейдi. «Қой қырылған, қой бiрiн-бiрiнiң жүнiн жедi» деген сюжеттер бар едi. Сол кездерi өте жақсы көретiн ағаларымның өзi менен сырт айналып қашты. Сөйтсем, бұлар өте сақ адамдар екен ғой. Өйткенi, 37 жылдардың салқыны, елуiншi жылдардағы қозғалыстың бәрiн бiлетiн адамдар, осындай тағы бiр аласапыран басталып кете ме деп қорыққан ғой», - деп еске алды жазушы Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ.

Жиында сөз алғандар биыл жетпіске толған қаламгердің шығармашылығы жайлы баяндады.

«Бір кезде бұл шығарма қуғынға түсті. Мемлекеттің бірінші басшысы Қонаевтың өзі үлкен мінберден сынаған еді. Бүгін міне араға отыз жылдан аса уақыт салып романға айналып жарық көрді. Тұсау кесер жиынға билік өкілдерінен де адамдар келіп отыр. Бұл бір биліктің отыз жыл  бұрынғысы үшін кешірім сұрағандай әсер қалдырып отыр», - деді әдебиетші-ғалым Бекен ЫБРАЙЫМ.

Кітап мың данамен «Ғылым» баспасынан шыққан.

Фото автордікі. 

Байланысты жаналықтар

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

24.04.2025

Дженнифер Лопестің концертіне балаларыммен бірге барамын - министр Балаева

24.04.2025

Қазақфильмді режиссер немесе актер емес, кәсіби менеджер басқаруға тиіс - Балаева

26.03.2025

Дулат ағамның кабинеті бос - Айгүл Иманбаева

21.03.2025

Министрлік «EL ARNA» телеарнасын жауып, «Хабармен» біріктіреді

11.03.2025
MalimBlocks
Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

Министрдің айтуынша, ол – жас опера әншісі Айгерім Алтынбек

Дженнифер Лопестің концертіне балаларыммен бірге барамын - министр Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне балаларымен бірге баратынын айтты

Қазақфильмді режиссер немесе актер емес, кәсіби менеджер басқаруға тиіс - Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақфильм» киностудиясына қатысты тараған ақпаратқа пікір білдірді

Дулат ағамның кабинеті бос - Айгүл Иманбаева

Айгүл Иманбаева Дулат Исабековтің Алматыдағы үйіне барып, отбасына жеке көңіл айтқан

Министрлік «EL ARNA» телеарнасын жауып, «Хабармен» біріктіреді