Ресейлік басқаратын ұйымнан шықпаса, қазақ боксшылары Олимпиадаға қатыспайды

ХОК аталған бокс ұйымының ашықтығына күмән келтіріп отыр.

Сабина Асқарқызы

  • 30.05.2024

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мен Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) арасындағы «соғыс» қайта тұтанды. Енді ХОК IBA-дан шықпаған ұлттық федерациялардың боксшыларын 2028 жылғы Олимпиадаға қатыстырмаймыз деп отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Халықаралық Олимпиада комитетінің әлеуметтік желідегі парақшасында осындай хабарлама тарады. ХОК аталған бокс ұйымының ашықтығына күмән келтіреді. Сондықтан Токио және Париж Олимпиадасының іріктеу сындарын сеніп тапсырмады. Енді IBA жұмысының ашық еместігіне байланысты боксты тіпті 2028 жылғы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарының бағдарламасынан алып тастамақшы.

Ұлттық федерациясы IBA құрамына кіретін кез келген боксшы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына қатыса алмайтыны қазірдің өзінде белгілі болды. Өзін-өзі құрметтейтін кез келген Ұлттық Олимпиада комитеті мұндай ұлттық бокс федерацияларын өз мүшелігінен шығаруға міндетті, - делінген хабарламада

Сәрсенбі күні IBA IBA Олимпиадалық турнирді ұйымдастыруға қатысы болмаса да, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының жүлдегерлеріне ақшалай сыйлық беретінін хабарлады. Чемпион атанған боксшыға 100 мың доллар, күміс жүлдегер 50 мың, қола жүлдегер 25 мың доллар бермек. Жалпы сыйақы қоры 3,1 миллион долларды құрайды. ХОК бұл ақшаның бәрі қайдан келіп жатқанын түсінбейді. Осы жағына күмәнмен қарап отыр.

Қаржылық есептің ашықтығының болмауы ХОК-тың IBA өкілеттіктерін мойындамауының себептерінің бірі болды», - делінген хабарламада», - делінген хабарламада

Айта кетейік, бокс 2028 жылғы Олимпиаданың алдын ала бағдарламасына енген жоқ. 
Еске салып өтсек, IBA ұйымын 2020 жылдан бері ресейлік азамат Умар Кремлев басқарады. Қазақстан осы ұйымның мүшесі.

Фото: pixabay.com

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді