457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сапалы кітап­тарды akel.kz интернет-дүкен­інен табасыз

Жуырда қазақ тіліндегі сапалы кітап­тарды сататын akel.kz интернет-дүкен­нің қызметі іске қосылды.

Таңдаулы кітаптарды сататын дүкенде қазіргі таңда отыздан артық бестселлер бар. Онлайн-сө­релерде  қарағандылық кәсіпкер, «Нәтиже» сүт ком­паниясының басшысы Ерлан Әшімнің қолдауымен жарық көріп жатқан кітаптарды да тауып алуға болады. Атап айтсақ Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Д.Иса­бековтің «Гауһартас», М.Бул­гаковтың «Ит жүрегі» т.б. кітаптары бар.

Бұл ретте М. Булгаковтың «Ит жүрегі» кітабы жазушы, ғалым Кенжебай Ахме­товтің аудармасымен тұң­ғыш рет қазақ тілінде жарық көріп отырғанын айта кеткен жөн. «Болашақта ғылыми кітаптардың осы онлайн-сөреден табылуына күш саламыз. Ғалымдар өз еңбектерін жазуын жазады, бірақ оның таралуына, оқырманға жетуіне жұмыс істелмей қалады. Біз осы олқылықтың орнын толтырғымыз келеді. Кі­тап­ан бөлек пайдалы видео-са­бақтар да осы дүкен ар­қылы сатылымға шығады. Жыл соңына дейін 100-200 кітаппен толығамыз», дейді дүкен иесі А. Әлменбет.