Спаррингтік кездесуге шақырту алған боксшы қыздардың тізімі жарияланды
Сәуірдің 8-і мен 10-ы аралығында Астанада өтетін спаррингтік кездесулерге шақырту алған боксшылардың құрамы бекітілді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп мәлімдейді Malim.kz.
Бапкерлер алқасы Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік іріктеу турниріне қатысатын боксшыларды анықтады. Спортшыларды өз салмақ дәрежесіне сай іріктейді.
Спаррингтік кездесулерге 4 салмақ дәрежесінде 16 боксшы шақырылды. Олардың арасында 54 келідегі Ангелина Лукас та бар. Ал 60 келіде спарринг өтпейтін болды. Өйткені, Италиядағы іріктеу турнирі кезінде жарақат алған Римма Волосенконың қолы әлі жазылмады. Сондықтан бапкерлер алқасы Волосенконы және оның қарсыласы Виктория Графееваны да Бангкоктегі жарысқа баруы мүмкін боксшылар қатарына қосты. Іріктеу турниріне қайсысының қатысатыны оқу-жаттығу барысында белгілі болады, – делінген Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы жазбасында.
Спаррингке шақырылған боксшылар тізімі:
50 келі:
Назым Қызайбай (1993)
Алуа Балқыбекова (1996)
54 келі:
Анель Сақыш (2000)
Жайна Шекербекова (1989)
Ангелина Лукас (1997)
Балауса Мұздыман (1997)
Элина Базарова (2004)
Ұлжан Сәрсенбек (2005)
Сымбат Әлиасқар (2004)
66 келі:
Жасмин Қизатова (2002)
Лаура Есенкелді (2000)
Наталья Богданова (1999)
Дариға Шәкімова (1988)
75 келі:
Гүлсая Ержан (2001)
Валентина Хальзова (1996)
Жібек Жарасқызы (2003)