Шымкентте өнер мектебі ашылды

Malim Админ

  • 15.03.2021

Үшінші мегаполисте жаңа ашылған ғимараттар жайлы, мекемелер туралы жиі естуге болады. Наурыз мерекесі қарсаңында қалада тағы бір орталық – дәстүрлі ұлттық өнер мектебі ашылды. «Қаратау» деп аталатын мектептің ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Өнер мектебінің басты мақсаты, атынан да белгілі, төл өнеріміз бен мәдениетімізді насихаттау, дәстүрлі өнерді әр бағыт бойынша дамытып, жастарды ұлттық құндылықтарға жақындата түсу. Мектепте қобыз, айтыс, шертпе күй секілді арнайы кабинеттер бар.

«Халықтық дәстүрлі өнер - бұл біздің мәдени мұрамыз. Ұлттық өнер арқылы өскелең ұрпақтың бойына қазақтың дәстүрі мен тұрмысын, адамдық мінезін сіңдіре аламыз. Ата-бабадан мирас болған ұлттық болмыс пен ұлттық өнерді ұмыт қалдырмаудың бір жолы – оны жастарға үйрету. Біз бүгін екі тарихтың ортасында тұрмыз. Бұл мектептен кешегі Майлықожа, Мәделідей ақындар, Сүгір мен Төлегендей күйшілер, Тәушен мен Әселхан апаларымыздай айтыскер қыздар шығады деп үміттенеміз. Осындай үлкен үмітпен сенім артып, жас келсе іске деп, мектептің тізгінін өз ұлдарыңыз, өнердің ыстық-суығында әбден шыңдалған, өткір тілді айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Біржан Байтуовқа тапсырғалы отырмын. Бұл үлкен жауапкершілік. Ескі өнерді тірілтіп, жаңа заманға алып шығатын, Қаратау өнерін жаңғыртатын, Шымкенттің ғана емес Қазақтың атын әлемге шығаратын шәкірттер шығуына тілектеспін», - дедi Мұрат Әйтенов.

Айта кетерлігі, бұл мектеп о баста саз мектебі ретінде ашылмақ болған. Құрылыс жұмыстары жүріп жатқанда, бұл ғимаратты тек саз мектебі емес, дәстүрлі ұлттық өнер мектебі етіп ашуды қала әкімінің өзі тапсырған. Бұл мектеп енді 10 бағыт бойынша жұмыс істейді. Айтыс, поэзия, дәстүрлі ән, жыр-терме, домбыра, қобыз, жетіген, көркем сөз, көшбасшылық, сахна тілі, кино және театр, ұлттық, классикалық би өнері, ағаш, былғары, тоқыма, тігіншілік, кескіндеме, графика, композиция, эстрада, классика, фортепиано, сольфеджио, анимация, кино, ролик сияқты өнер түрлерін үйрететін болады.

Байланысты жаналықтар

Ресейлік спортшылар Қазақстан азаматтығын алуда

06.07.2023

Чемпион өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды

27.06.2023

Ең бай қазақ «Формула-1» компаниясын сатып алды

26.06.2023

Сарапшы: Винокуровтың Аstana Pro Team командасы мемлекеттен жыл сайын 5 млрд теңге алады

26.06.2023

Cарапшы:  Дзюдодағы жүйені  реттемей, жеңіске жетпейміз

15.06.2023

Қазақстан боксшылары Ташкентте 4 алтын иеленді 

14.05.2023
MalimBlocks
Ресейлік спортшылар Қазақстан азаматтығын алуда

Коньки тебуден Ресей құрамасының жаттықтырушысы екі спортшысымен Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірді

Чемпион өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды

Ауыр атлетикадан Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, Владимир Седов өзі тұратын Жетісу облысы Қаратал ауданындағы Достық ауылындағы үйінде өлі күйінде табылды.

Ең бай қазақ «Формула-1» компаниясын сатып алды

Байлығы 4,6 миллиард долларға бағаланатын ең бай қазақстандық Владимир Ким Hitech GP жарыс командасына иелік ететін Hitech Global Holding Limited компаниясының 25 пайыз акциясын сатып алды,- деп хабарлайды компания сайты.

Сарапшы: Винокуровтың Аstana Pro Team командасы мемлекеттен жыл сайын 5 млрд теңге алады

Команда 15 жылдан бері бюджеттен қаржыландырылады

Cарапшы:  Дзюдодағы жүйені  реттемей, жеңіске жетпейміз

Спорттық дәрігер, фармаколог, психолог  жоқ, кешенді топ қарастырылмаған

Қазақстан боксшылары Ташкентте 4 алтын иеленді 

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында жалпы командалық есепте Өзбекстаннан кейін  екінші орынға тұрақтады