«URKER-2021» Ұлттық бәйгесіне қатысу үшін өтінім қабылдау басталды

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін«URKER – 2021» Ұлттық бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды.

Malim Админ

  • 17.05.2021

Республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар бәйгеге қатыса алады.

Өтінімдерді қабылдау уақыты 2021 жылдың 17 мамырынан 15 маусымына дейін жүзеге асырылады.

Конкуртық жұмыстар 2020 жылдың 1 қарашасы мен 2021 жылдың 1 маусым аралығында жарияланып, басылымында, интернет-ресурста жариялануы не радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткербәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы.

Өтінімдер  urker-awards.kz  ресми сайтында 11 номинация бойынша қабылданады:

1. Жылдың үздік фотосуреті

2. Жылдың үздік репортажы

3. Жылдың үздік аналитикалық материалы

4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі

5. Жылдың үздік сұхбаты

6. Жылдың үздік танымдық материалы

7. Радиостанциядағы үздік жоба

8. Жылдың үздік жаңалықтар порталы

9. Жылдың үздік газеті

10. Жылдың үздік журналы

11. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал

 

Биылғы жылы ұйымдастырушы комитетеліміздің Тәуелсіздік жылдары қалыптасуына арналған жұмыстарға арнайы номинацияныенгізді.

 

Тәуелсіз қазылар алқасының құрамына енген кәсіби журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері және Әзірбайжан мен Германияның халықаралық медиа-сарапшылары жұмыстарды бағалайтын болады.

Ұлттық бәйге жеңімпаздары «Үркер» естелік мүсіншесінің және бір миллион теңге мөлшеріндегі қаржылай сыйлықтың иегері болады.

 

Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры және «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы.

«URKER» - баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған. 

 

Байланысты жаналықтар

Журналистерді еске алуға арналған турнирдің қорытындысы

13.03.2023

Шавкат Рахмонов Алматыға келді

13.03.2023

Ауыр атлет Спорт министрлігін сотта жеңді  

09.03.2023

Бауыржан Исламханның қай клубта ойнайтыны белгілі болды

02.03.2023

Сәпиев-Зелимханов жанжалы. Елеусінов пен Ильин не дейді?

28.02.2023

Боччаны білмейтіндер көп  

26.02.2023
MalimBlocks
Журналистерді еске алуға арналған турнирдің қорытындысы

Шавкат Рахмонов Алматыға келді

Ауыр атлет Спорт министрлігін сотта жеңді  

Ақшаны алу үшін тиісті органдарға жүгінген

Бауыржан Исламханның қай клубта ойнайтыны белгілі болды

9-нөмірлі жейдеде өнер көрсетеді

Сәпиев-Зелимханов жанжалы. Елеусінов пен Ильин не дейді?

"Мен де ақ пен қараны ажырату үшін күттім".

Боччаны білмейтіндер көп  

Бес жылдан бері қолға алынған