Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жәмила Бақбергенова – әлем чемпионатының 4 дүркін жүлдегері

Спорт
Жәмила Бақбергенова – әлем чемпионатының 4 дүркін жүлдегері

Отандасымыз Жәмила Бақбергенова Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол 72 кг дейінгі салмақтың финалында жапон палуаны Ами Ишимен күш сынасып, аса тартысты белдесуде ұтылып қалды. Есеп: 6-10.

Бұл 28 жастағы бозкілем шеберінің ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы 4-ші медалі. Жәмила 2021 жылы Ослода, 2022 жылы Белградта күміс жүлдегер атанған. Ал былтыр Сербия астанасында үздік үштікті түйіндеген.

Айта кетейік, Бақбергенова кеше Тирана төрінде молдовалық, содан соң чех және моңғолиялық қарсыласпен күш сынасып, жеңіске жеткен.

Жәмила Бақбергенованың жеке бапкері – Нұрсұлтан Теміров.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу